Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шөлдеп тұрғанда су ішуге болмайтынын білесіз бе?

Шөлдеп тұрғанда су ішуге болмайтынын білесіз бе?

Судың орнына мына сусынды ішіңіз.
Таңертең ұйқыдан ояна салысымен 1 стақан суды сіміріп, таңғы астың орнына қарбыз жейтіндер де кездеседі. Тіпті, түнгі ұйқыны 3-4 рет бұзып, су ішетіндер де бар. Адам ағзасы сусызданған кезде ақыл-ой жұмыс істеу қабілетін төмендетеді, бас айналады, бойды әлсіздік билейді, дене құрғайды. Десек те шөлді басу үшін СУДЫ емес мүмкіндігінше СҮТТІ таңдағаныңыз дұрыс. Егер сүт іше алмасаңыз, онда мына 6 түрлі сусынның бірін таңдаңыз.


1. КӨК ШАЙ – ыстық күнде жан серігіңіз болады. Ескеріңіз! Салқын көк шайға қарағанда жаңадан демделген ыстық шайдың пайдасы мол. 1 шыны ыстық көк шай ішіп терлесеңіз, денеңіз жіпсіп, бойыңыз балқиды. Қан тамырларыңыз жұмысын жеделдетіп, қан айналым жақсарады әрі жүйкені тыныштандырады. Шайдан соң тершеңдік сізді мазаламайды. фото: city-sochi.ru Ескерту! Көк шайдың қайсы түрін де ашқарынға ішуге болмайды.

2. КВАС – шөлді басатын ең керемет сусын. Оның құрамындағы аминқышқылы мен көмірқышқылы ыстықпен күреседі. Сонымен қатар ағзадағы микробтар мен бактерияны өлтіреді. Бұл сусынды да ашқарынға ішуге болмайтынын ескертеміз.


3. МОРС – А, В және С дәрумендері мен магний, кальций, фосфор сынды минералды заттарға бай. Әсіресе ащы жидектен дайындалған қантсыз морс шөліңізді басып, жаныңызға рахат сыйлайды. Сонымен қатар ағзаны сусызданудан сақтайды. Десек те, морсты мейлінше тамақтан соң ішіңіз дегім келеді. Өйткені ашқарынға морс ішуді дәрігерлер де құптамайды.


4. СҮТ ӨНІМДЕРІ – ыстық күнде таптырмайтын сусын әрі тамақ. Оның қатарына кефир, простокваша, ряженка, айран, тан, шалапты және ашытпа көжені қосыңыз. Шөліңді де басады, қарныңды да тойдырады. Сонымен қатар ішектің микрофлорасын қалпына келтіреді әрі асқазанда оңай қорытылады. Ағзадағы уытты шығарады, бас ауруынан айықтырады. фото: amp.akcenty.com.ua Осындай керемет қасиеті бола тұра ашқарынға ішуге ұсынылмайды. Ашқарынға тек қана сүт ішуге кеңес береміз.


5. МИНЕРАЛДЫ СУ – ең қолжетімді сусын. Алайда шөлді басу үшін салқын минералды су ішу керек. Бұл сусын шөлді басады, тәбетті ашады, шаршауды басады әрі терлетпейтін қасиеті бар. Тек қана аз пайыз газ қосылған түрін таңдасаңыз болғаны. Құрамында тұзы мен газы бар сусын зат алмасуды жақсартады, асқорыту жүйесінің жұмысын жеңілдетеді. Бірақ минералды суды ашқарынға ішуге болмайды. Егер бұл сусынды ашқарынға ішетін болсаңыз, несеп жолдары, бүйрек аурулары қозуы мүмкін. Сонымен қатар асқазанның жұмысын бұзады, жараның пайда болуына септігін тигізеді. Тағы да жүктілік кезінде ішуге болмайтынын ескеріңіз.

6. КОКТЕЙЛЬ – сусын да, тамақ та бола алады. Балғын жемістен дайындалған құнарлы азыққа қант, лимон қышқылын, хош иіс беретін қоспаларды, дәмдеуіштер мен консервантты қоспауға кеңес береміз. Міне, осы сусындар сізге тап қазір көмек бере алады. Газдалған тәтті суды, кофені, сыра секілді спиртті ішімдіктерді шектеңіз. Мұның сізге зияны болмаса, пайдасы жоқ. Ал шөлдедім деп 1 литр суды сіміре салудан да сақ болыңыз. Аз-аз жұтымнан 10-15 минут сайын ішсеңіз, шөліңіз де қанады, саулығыңызға да еш зияны тимейді әрі сұлулығыңызды да сақтай аласыз.
19 шілде 2019 ж. 1 778 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 53

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 68

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 68

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 50

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031