Қан тобыңызға байланысты отбасын құрыңыз
Қызыл түсті, тамырларымызда тоқтаусыз ағып жатқан бұл сұйықтықтың негізгі рөлі ағзамыздағы жасушаларға қоректік заттар мен оттегі жеткізу.
Адам ағзасындағы ең маңызды сұйықтық бұл — қан. Денеміздің 7-8% қаннан тұрады. Бір тамшы қанның өзі адам өмірне өзгерістер алып келуі мүмкін.
XIX ғасырдан бастап ғалымдар қанды бірнеше топқа бөліп қарастыра бастады. 1907 жылы чех оқымыстысы Я.Янский қан тобының 4-ке бөлінетінін айтты. Барлық адам денесінде 5 литр қан болады. Олар мынадай төрт топқа бөлініп қаралады: О (1-ші), А (2-ші), В (3-ші) және АВ (4-ші) топтар.
Ең ежелгі қан тобы — О топ. О тобын — «аңшылар»
«А» тобы — «фермерлер»
В тобы — «көшпенділер»
АВ тобы — «қазіргі заманғылар» деп атау берген.
Әлемде ең көп кездесетін қан тобы – 1-ші топ. Жер бетіндегі халықтың 45%-ының қаны осы топтан. 2-ші қан тобы – дүниежүзіндегі адамдардың 35%-ына тән. Адамдардың 13%-ының қаны 3-топқа жатады. Ал, 4-ші қан тобы өте сирек, адамдардың небәрі 7%-ында кездеседі екен.
Сондай-ақ отбасын құруда да қан тобына мән беру керек деседі. Бұған қатысты мынадай ұғым бар:
– Ең сәтті жұптық үйлесім 1-ші және 3-ші топтағыларға, 2-ші және 4-ші топтағылардың одағына тиесілі;
– Ерлі-зайыптылардың екеуі де 1-ші немесе 3-ші топтан болса, бұл да жаман одақ емес;
– Екеуі де 2-ші, 3-ші немесе 4-ші топтан болса, үйлесуі қиын;
– 1-ші мен 4-ші, 2-ші мен 3-ші топтағылардың тіл табысуы тіпті де қиын.
О тобы: Күшті, сөзіне берік, өз-өзіне сенімді, оптимист адамдар. Бірақ олар өзіне айтылған сынды ұнатпайды,өте ауыр қабылдайды. Олар барлық қиындықтырға төзімді, ешқашан мойымайды. Лидер болуға жаны құмар, болашаққа сеніммен қарайды. Жүйкелері өте мықты. Олар өздерін қатты жақсы көреді, тәкаппарлық та бойынан табылады. Кейде өзіне мұнысы кедергі келтіріп те жатады. Олар қызғаншақ келеді, мақтағанды жақсы көреді. Мұндай адамдар өз дегеніне жетпей қоймайды.
А тобы: Өмірге өте құштар жандар. Ақылды, әзілқой, еңбек-қор, мұқият, адамгершілігі мол азаматтар. Бұл топтағыларда жүйке жүйесі аурулары, анемия, ревматизм жиі кездеседі. Олар жұмыстан басқаның бәрін екінші орындағы нәрсе деп қана санайды. тәртіп сүйгіш деп осыларды айтсақ болады. Аса ұқыпты. Бір істі бастаса, соңына дейін жеткізбей қоймайды, өзінің көңілі толғанша қайта жасаудан жалықпайды. Ішкі сезімін жасыра біледі, көпшілікке қиналысын көрсетпейді.Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.
В тобы: Ішкі әлемі қиял мен фантазияға толы, бір істі бастаса бүкіл жан дүниесімен кіріседі.Бұл топтағылар көбіне суықтап ауырады, жарақат алып қала береді. Сырттай сабырлы көрінседе, олардың ішінде алай-түлей дауыл соғып тұрады. Адамдармен тіл табысуы өте қиын. Оның бірден-бір кемшілігі десек болады. Бірақ түсінігі мол, айналасындағфларға жаны ашығыш. Өзіне жарасымсыз қылықтырдан бойын аулақ ұстайды.
АВ тобы: Өзге топтағылармен мінездері ұқсас. Шығармашылық адамы да, көшбасшыда бұл топтан табылады. Ұйымдастырушылық қасиеті басым. Көпшіліктің ортасында жүргенді ұнатады. Кейде тым қияли, дарынды, талантты, жан-жақты адамдар. Барлық істе адал. Әділ шешім қабылдағынды ұнатады. Бойында қаталдығы да жоқ емес.