Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады

Brent маркалы мұнайдың бағасы бір айдағы ең жоғары деңгейге жуықтатты.
pixabay.com
Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған. Бұл туралы BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жұма күнгі сауда барысында Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері 38 центке немесе 0,39 пайызға арзандап, барреліне 96,19 долларды құрады. Ал бейсенбі күні оның бағасы шамамен 2 долларға өсіп, 6 қарашадан бергі ең жоғары деңгейде сауда-саттықты аяқтаған.
АҚШ-тың WTI маркалы мұнайы барреліне 85,41 доллардан сатылып, 1,73 долларға немесе 2,07 пайызға қымбаттаған.
Осылайша, мұнайдың екі негізгі маркасы да соңғы төрт аптада алғаш рет апталық өсім көрсетуге жақындады.
Бағаның өсуіне Таяу Шығыстағы жағдай тікелей әсер етіп отыр. Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге шабуылдарын жалғастыруда. Ал Иран қолдайтын Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының энергетикалық нысандары мен порттарына соққы жасаған.
Бейсенбі күні Saudi Aramco компаниясының Джизандағы мұнай өңдеу зауытында снаряд түсуіне байланысты жұмыстың бір бөлігі уақытша тоқтатылды. Сауд Арабиясы Энергетика министрлігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан Непал азаматы қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған.
Бұған дейін хуситтер Сауд Арабиясындағы Рас-Таннура мұнай өңдеу зауытына, сондай-ақ Жидда мен Джизан порттарына шабуыл жасағанын мәлімдеген.
ANZ сарапшыларының пікірінше, Таяу Шығыстағы қақтығыс одан әрі өршімеген күннің өзінде Brent бағасы барреліне 100 доллардан асуы мүмкін. Алайда бұл үшін әлемдік нарықта мұнай жеткізілімінің нақты қысқарғаны расталуы қажет.
Мұнай нарығына басқа да факторлар әсер етуде. Reuters мәліметінше, Украина қазан айының соңынан бері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына дрондармен шабуылдарын күшейткен. Соның салдарынан Краснодар өлкесіндегі «Славянск ЭКО» зауытында өрт шыққан. Бұл жағдай Ресейдегі мұнай өңдеу көлемі мен жанармай экспортына әсер еткен.
Сонымен қатар Таиланд пен Венесуэладағы мұнай өңдеу зауыттарында да өрт тіркелген. Бразилиядағы Bacalhau теңіз мұнай кен орнында болған оқиғаға байланысты өндіріс уақытша тоқтатылған. Equinor және Galp компанияларының бағалауынша, жұмыс 5–8 аптаға дейін тоқтауы мүмкін.
Осы жағдайларды ескере отырып, ОПЕК+ елдері мұнай өндіруге қатысты қолданыстағы шектеулерді 2027 жылдың бірінші тоқсанына дейін сақтауы мүмкін. Reuters дереккөздерінің хабарлауынша, бұл мәселе ұйымның жексенбі күнгі отырысында қаралады.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай өндіру, өңдеу және тасымалдау салаларындағы іркілістер әлемдік нарықтағы ұсыныстың азаюына қатысты алаңдаушылықты күшейтіп отыр. Ал бағаның алдағы бағыты Таяу Шығыстағы жағдайдың мұнай жеткізіліміне қаншалықты әсер ететініне байланысты болмақ.
---
27 қараша 2026 ж. 14 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30