Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Brent маркалы мұнай бағасы 91 доллардан асып кетті

Brent маркалы мұнай бағасы 91 доллардан асып кетті

istockphoto.com
Бағаның өсуіне Ормуз бұғазының жабылуына байланысты мұнай жеткізілімі тапшылығының туындау қаупі себеп болып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың шиеленісуі аясында әлемдік мұнай бағасы өсуді жалғастыруда.
Алдыңғы күні 3 пайызға қымбаттаған мұнай бағасы тағы да шамамен 1 пайызға өсті.
Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 91 доллардан асып, WTI маркасы 87 долларға жақындады. Бағаның өсуіне Ормуз бұғазының жабылуына байланысты мұнай жеткізілімі тапшылығы болуы мүмкін деген қауіп себеп болып отыр.
Kpler аналитикалық компаниясының мәліметінше, соңғы тәулікте бұғаз арқылы небәрі бес жүк кемесі өткен. Кеме қатынасының төмен белсенділігі бірнеше күннен бері байқалуда. Қозғалысты қайта жандандыру жөнінде делдалдардың келіссөз жүргізуге жасаған әрекеттері әзірге нәтиже берген жоқ.
Сарапшылардың болжамынша, теңіз жолы тағы бірнеше аптаға жабық қалса, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 100 доллардан асуы мүмкін.


02 қыркүйек 2026 ж. 41 0

Алда күн жылынады

02 қыркүйек 2026 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930