Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Біржолғы қаржы – бала қуанышы

Біржолғы қаржы – бала қуанышы

Қымбатшылық бүйірден қысқан тұста мектепке даярлық мезгілі де басталып кетті. Бұл сәтте көбіне көпбалалы ата-аналар мен айлық табысы аз отбасы мүшелері қиналып қалатыны хақ. Әсіресе, белгілі бір жағдайларға байланысты жұмысқа жарамсыз, асыраушысынан айырылған отбасындағы балалардың көпшілігі мектеп формасы мен оқу құралдарына толық қолы жете бермейді. Мұндай жағдайға Үкімет бей жай қарамай, мұқтаж отбасыларға мектеп формасын үлестіріп келгені есте. Алайда киімдер оқушылардың дене өлшемімен сәйкес келмей, тендерден ұтып алған кәсіпкерлердің жұмысты сапасыз орындауының салдарынан біраз дау туындап жүрді. Жақында ғана Оқу-ағарту министрлігі науқанның өгізді өлтірмей, арбаны сындырмайтын балама жолына табан тіреді.

Мектеп формасы мен керекті жабдықтарды сатып алуға үлестірілетін біржолғы қаржыны алу үшін ата-ана аталған 5 санаттың біріне жататыны туралы құжат тапсыруы керек. Бұдан бөлек басқа да санатқа кіретін, отбасылық жағдайы қиын оқушыларды мектеп ішінен құрылған комиссия бөлек анықтайды.
– Биылдан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ аталған көмектен қолы қағылған, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаржы көлемі нақтыланды. Мектепке даярлық үшін берілетін 37 389 теңге көлеміндегі көмек жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер мен өзге де санаттағы білім алушыларға да үлестіріледі. Бірер күннен кейін ата-аналардың есепшотына аталған қаржы түсе бастайды, – деді Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов.
Осы тұста балақайларға сапалы, өлшеміне сай мектеп формасы мен оқу құралдарын қолжетімді ету маңызды. Аудандық білім бөлімі мұны да ескеріп, өңірдегі киім тігу ісінен белді, тауары сапалы кәсіпкерлерді ортақ іске атсалысуға шақырған. Олар сенбі күні таңертең Әйтеке би кенттік клубында мектеп формасы жәрмеңкесін өткізеді. Өңір кәсіпкерлері қазалылықтар үшін базар нарығынан қолжетімді баға ұсынатыны белгілі.
Айта кету керек, тамыз айы басталғаннан-ақ аудан жұрты балалардың мектепке даярлығына біркісідей атсалысады. «Мектепке жол» акциясы негізінде мекеме басшылары, меценат-кәсіпкерлер мен жаны жомарт жандар мұқтаж отбасыларға көмектен аянып қалмайды. Бұдан бөлек биыл «Қазақстан халқына» қоры өңір бойынша 7 мың оқушыға 30 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетуге кірісіп кетті. Мұнымен санат бойынша жәрдемге ілікпеген, мектеп басшылығы анықтаған мұқтаж ата-аналар қамтылады.
Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ
---
20 тамыз 2022 ж. 264 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031