– Асылжан тұр, асарға барамыз. Кеше ескерттім ғой ертерек демал, таңертең тұра алмай қаласың деп, – әкесі ұлының бөлмесіне басын сұғып солай деді де асығыс сыртқа шығып кетті. – Балам, тұра ғой бірер кесе шайыңды ішіп ал. Әнебір «бәлені» түнімен құшақтап, таң атқанша ұйықтап болмайсыңдар. Не қызығы барын,...