Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Жақыныңа жанашыр бол! Санитарлық талаптарды сақта!

Жақыныңа жанашыр бол! Санитарлық талаптарды сақта!

Соңғы күндері еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қайта күрделеніп, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Әсіресе Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында жағдай күрт нашарлап, республикада коронавирус жұқтырған азаматтардың 40 пайызы – осы облыстардың тұрғындары екенін баса айтқан жөн.

Сондықтан дәрігер маман есебінде аудан тұрғындарын санитарлық талаптарды сақтап, сақтық шараларын қаперден шығаруға болмайтынын айтқым келеді. Тәртіпке бағынып, талапты орындағаннан ұтылмайтынымыз анық.

Дегенмен бұл дерттің көпшілік орындарда тез таралатынын біле тұра, халық арасында той-құдажол сияқты жиындардың өткізілуі тыйылмай отыр. Қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде қаншама рет айтылып, жазылып та жатыр. Бұл ескертулердің барлығы бекерден бекер айтылып жатқан жоқ.

Қазақта «Сақтансаң – сақтармын» деген мағынасы терең сөз бар. Жалпы, әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, санитарлық талапты сақтап жүрсе, ешқандай жағдай орын алмайды. Барлық нәрсе өз қолымызда. Сақтанып жүрейік!

Бақыткүл Әлішева,
Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері

---
27 қаңтар 2021 ж. 523 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930