Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Салауаттылық денсаулықты сақтайды

Салауаттылық денсаулықты сақтайды

Мемлекеттің басты байлығы – дені сау адам екені белгілі. Үкімет тарапынан ұлт саулығын нығайту, өскелең ұрпақтың өсіп-өнуі үшін барлық жағдай жасалуда. Атап айтар болсақ, тұрғындар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, квота арқылы ақысыз ота жасатуда.
Десек те ата-бабаларымыз «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек. Деніміздің сау болуы өзімізге тікелей байланысты.
Осы жайында Қазалы қаласындағы емхана меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі Гүлайым Айсауытовамен әңгімелескен едік.
– Гүлайым Қалимоллақызы, қазір­гі таңда кейбіреулердің айтуынша, адам ден­саулығына тікелей дәрігер жауап­ты деген пікір қалыптасқан. Кейде шағым айтып, ақ халатты абзал жандарды кінәлаушылар да кездесіп жатады.
– Сіздің айтып отырғаныңыз орынды. Шындығында бес саусақ бірдей еместігі сияқты адамдардың бітім-болмысы да әртүрлі. Рас, емханаға тексерілуге шақырғаныңа құлақ аспайтын, дәрігердің тағайындаған ем-домын уақытылы алмайтындар көптеп жолығады. Осы жандар ауруы қатты асқынғанда барып біздің көмегімізге жүгінеді.
Мұндай кезде кейбіреулері тым кеш келгендіктен қайғылы жағдайға душар болып жатады. Осындайда науқас­тың туған-туыстары барлық кемші­лікті медицина қызметкерінің мойнына артуға тырысады. Сондықтан кім-кімде өз денсаулығына мейлінше жауапкерші­лікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстанғаны абзал.
– Кейде «Ауру – астан» деп те жатамыз. Олай болса қандай тамақты жиі пайдаланған жөн?
– Адамзат денсаулығын сақтаудың бас­ты шарты – дұрыс тамақтану. Сондық­тан оған ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда ұсталсын. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Тамақты үстелдің басында отырып қабылдаған тиімді. Тойғанын білмей артығымен пайдаланған зиян. Оны асықпай шайнап, тамақтану режимін мұқият сақтау керек. Мамандардың айтуынша, тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған дұрыс. Таңертеңгі асты ішкенде мұқият болуымыз қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, ағзадағы қант азайып кетеді.
Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас – адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ол біздің жасушамыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурудың алдын алу, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру мен белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.
– Дәрігер ретінде денсаулығымыз мықты болу үшін нендей кеңес ұсынасыз?
– Мезгілінде тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліс­пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тартудың денсау­лықты жақ­сартуға берер пайдасы мол. Осылайша салауат­тылыққа бейім­деліп, аурудың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге болады.
Ұйқы кезінде адамның орталық нерв жүйесі тынығады. Бұл кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босап, организм толық демалады. Бұдан кейін орталық жүйке мен әр түрлі органдардың қызмет белсенділігі арта бастайды.
Сондай-ақ, дәрігер ретінде жастарға спортпен айналысуға кеңес беремін. Ал егде жастағылар кем дегенде таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығуларын жасаса дұрыс болар еді.
Ұлтымыздың ертеңі нұрлы болсын десек, бүкіл халық болып болаша­ғымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамның бұл түнектен арылуына титтей болса да көмегімізді тигізейік.
Сөз соңында айтарым, халық денсаулығын жақсарту тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның жұдырықтай жұмыла үйлескен іс-қимыл әрекеті арқылы жүзеге асырылатынын баршамыз жақсы ұғынуға тиіспіз.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
26 қаңтар 2019 ж. 1 468 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930