Қазақстандық гроссмейстер беделді турнирге қатысады
2026 жылғы 28 наурызда Кипрдің Пафос қаласына жақын орналасқан Пейя курорттық аймағындағы 5 жұлдызды Cap St Georges Hotel & Resort қонақүйінде шахматтан әлем чемпионы атағына үміткерлер турнирлерінің (ерлер және әйелдер арасында) ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, әлемнің ең мықты шахматшылары бас қосқан бұл турнирде алғаш рет қазақстандық спортшы да өнер көрсетеді. Ол – 22 жастағы Бибісара Асаубаева.
2026 жылғы 29 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтетін FIDE Women’s Candidates Tournament жеңімпазы қазіргі әлем чемпионы, 2018 жылдың мамырынан бері титулын қорғап келе жатқан 35 жастағы қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен (2559 – рейтингтер 2026 жылғы 1 наурыздағы классикалық көрсеткіш бойынша берілген) әлемдік тәж үшін матчта кездесуге мүмкіндік алады.
Турнирге сондай-ақ мына гроссмейстерлер қатысады:
- Хикару Накамура (2810, АҚШ, 1987 жылғы 9 желтоқсан);
- Фабиано Каруана (2795, АҚШ, 1992 жылғы 30 шілде);
- Вэй И (2754, Қытай, 1999 жылғы 2 маусым);
- Аниш Гири (2753, Нидерланды, 1994 жылғы 28 маусым);
- Жавохир Синдаров (2745, Өзбекстан, 2005 жылғы 8 желтоқсан);
- Рамешбабу Прагнанандха (2741, Үндістан, 2005 жылғы 10 тамыз);
- Маттиас Блюбаум (2698, Германия, 1997 жылғы 18 сәуір);
- Андрей Есипенко (2698, FIDE, 2002 жылғы 22 наурыз).











