Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бюджет қаржысы қатаң қадағаланады

Бюджет қаржысы қатаң қадағаланады

2018 жылдың басынан ауданымызда жаңадан мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі құрылып, жұмысын бастады. Ай сайын қыруар қаржыны игеруге ықпал ететін, яғни ауқымды сатып алу конкурстарын ұйымдастыратын бөлімді басқару көп жылдардан заңгерлік қызмет атқаратын Мәулен Қайруллаевқа сеніп тапсырылды.
Жақында біз жаңадан ашылған бөлімнің жұмыс барысымен танысып, алға қойған мақсаттары туралы білген болатынбыз.

– Мәулен Мінажадинұлы, алдымен ауданда мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің ашылу себебін білсек.
– Бүгіндері елімізде мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидаттары нығайып келеді. Сондықтан бұл саладағы ахуалды түбегейлі жақсарту үшін бірыңғай операторды бекіту, тауарларды автоматтандырылған түрде таңдауды енгізу, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдау рәсімін жетілдіру сияқты шаралар іске асырылуы қажет.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін енгізуді қатаң тапсырды. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қазір Парламент Мәжілісінде қаралуда.
Орталықтандырылған сатып алу қызметін барлық негізгі мемлекеттік сатып алуды шоғырландыратын жергілікті өзін-өзі басқарудан басқа, мемлекеттік бюджеттің әрбір деңгейінде құру ұсынылады. Республикада орталықтандырылған сатып алу қызметін – орталық мемлекеттік органдар үшін мемлекеттік сатып алуды өткізетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетінің базасында құру ұсынылып отыр. Аймақтарда – облыстық маңызы бар сатып алу бойынша жұмыс істеп тұрған мемлекеттік сатып алу басқармаларында, ал, ауданда – тиісті мемлекеттік сатып алу бөлімдерінің базасында құрылады.
– Жұмыс басталды. Алғашқы қадамдарыңыз қалай?
– «Қазалы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №281 қаулысымен құрылды. Қазіргі таңда оның атауы Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі болып өзгертілді. Бұл мекеменің миссиясы мемлекеттік сатып алу¬ларды, сондай-ақ, Қазалы ауданы әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Қазалы ауданы әкімдігінің арнаулы қаулысымен тапсырыс берушілер үшін «Қазалы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалған. Осыған сәйкес, тауарлар бойынша сұйық отын (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда) сатып алуға аукцион, атқарылатын жұмыстар бойынша Қызылорда облысы Қазалы ауданы Басықара елді мекеніндегі электр желілерін ағымдағы жөндеу, көрсетілетін қызметтерге орай «Жеңіс» саябағын күзет қызметімен қамтамасыз ету конкурстарын өткізуде.
– Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына қандай өзгерістер енгізілді?
– Негізгі өзгерістер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуға қатысты. Құрылыс саласы лицензияланатын қызмет түріне жатады және сатып алуға тиісті лицензиясы бар. Оны алуға енді материалдық және еңбек ресурстары талапқа сай екенін растаған компаниялар ғана қатысады.
Осыған байланысты, қағидаларға рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес берілген тиісті лицензия құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша материалдық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжат болып белгіленетіні туралы өзгерістер енгізілді. Бұл түзетулер құрылыс саласы бойынша мемлекеттік сатып алудың сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жағдайын жақсартып, түпкілікті жою мақсатын көздейді.
Осы тұста тағы бір айта кетерлік жайт, бөлім аудан әкімдігіне бағынысты мемлекеттік ұйымдардың мемлекеттік сатып алу жұмыстарына үзбей мониторинг жүргізеді. Мамандар барлық тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу жоспарларынан бастап, сатып алу шарттарының орындалуына жан-жақты талдау жасайды.
Сұхбаттасқан,
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
19 маусым 2018 ж. 1 520 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930