Ибайдулла Тілеп: Ертеңіміз жарқын, болашағымыз баянды
Ауданда көптің ыстық ықыласына бөленіп, халық қамын ойлаған абыройлы азаматтар аз емес. Сол қатарда елге болысып, қысылтаяң сәтте қолдау көрсетіп жүрген жандардың бірі – облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Ибайдулла Тілеп ағамыз да бар. Жуырда Қазалы халқына ғана емес, облысқа белгілі атпал азаматпен еркін сұхбат құрудың сәті түскен еді.
– Сізді Қазалы халқы ғана емес, облыс көлемі жақсы таниды десек артық болмас. Дегенмен кейінгі жас буынның білмеуі бек мүмкін. Сондықтан ең әуелі өзіңізді жақынырақ таныстырсаңыз...
– Мен 1959 жылы теңіздің қолтығында дүниеге келіппін. Нақтыласам «Қосшоқы» деген жер. Кейін әкем Жанай учаскесіне көшіп, 12 жасқа толғанша сол жерде білім алып, ойын қуып, теңіз толқынына қарап өстім. Одан кейін 1976 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумына оқуға түсіп, 1979 жылы бітіріп шықтым. Біршама уақыттан соң шаңырақ көтеріп, отбасылы болып, дүниеге ұрпақ келіп, өмір өзені өз ағысымен жылжып отырды.
Айтпақшы 1980 жылы институтқа түстім. Осылайша 3 курста оқып жүріп әскерге аттандым. Азаматтық борышымды аман-есен атқарып келісімен қызу жұмысқа кірісіп, елмен араласып, аға мен іні тауып, бүгінгі күнге жетіп отырмын. Қазір кейбіреулер «уақытым бекер өтіп кетті» деп өкініп жатады. Алайда Шерхан Мұртазаның пайымдауынша уақыт емес, өмір өтеді екен. Уақыт өз қалпында, таңның атысы күннің батысымен жалғасын тауып отырады. Артта қалған өмірге өкпе жоқ, тек алға қарай қадам басамыз. Ал оның барлығын айтар болсам, ол ұзақ әңгіме.
– 16 жылдан бері облыстық мәслихат депутатысыз. Жалпы депутаттық ұстанымыңыз қандай?
– Мен әрқашан кей жағдайлардан абыройымды артық қоямын. Өйткені сол орынға отырғызған халық. Халық – құдайдың бір есімі. Сондықтан елдің аманатын арқалап жүргеннен кейін мүмкіншілігім келгенше білімімді, тәжірбиемді ел алдында көрсетіп, қызметімді абыроймен атқарып, берілген сенімді аяқ асты етпей жүрсем соның өзі үлкен мәртебе. Ертеректе ауданға қарасты елдімекендерде жарық, ауыз су мәселесі күн тәртібінен түспейтін. Қазір олардың қатары азайды. Құдай қаласа барлығының шешім табатын күні алыс емес.
Бертін келе ауылдарға көптеген дүниелерді жеткізу шаралары қозғалып тұратын болды. Жалпы адам баласының тұрмыс-тіршілігі жақсарып, артқан сайын сұраныс та өзгеріп, көбейіп отырады. Осының барлығын атқарғымыз келеді.
Неліктен елді мекендерден көлікпен шыққан әрбір адам кентке шаршап жетуі керек?! Оның орнына тегіс жолмен жүрсін. Ауданда жастар уақытын құр өткізбеу үшін түрлі орындар салынып жатыр. Сол қатарға мұз айдынын қоссақ артық болмайды. Біздің жастар сонда сырғанап, көңіл көтеріп, керемет саябақ пайданалуға беріліп, жасөспірімдер кешкілік қыдырса, нұр үстіне нұр болар еді. Жақында 5-ші кварталда шағын футбол алаңдары салынып, бүлдіршіндер доп теуіп, уақыт өткізіп жатыр. Мұны көрген сайын қуанамын. Түптеп келгенде болашақ жастардікі болғандықтан біздің аудан жастары да ешкімнен кем болмай, жақсы білім алып, биіктерден көрінсе деймін. Ел игілігіне қажеттінің барлығы табылып, осыларды жүзеге асыру әрі атсалысу менің азаматтық борышым. Негізгі ұстанымым да осы бағытта. Менің сөздік қорымда болмайды деген сөз жоқ, ертеңіміз жарқын, болашағымыз баянды.
– Ибайдулла аға, бүгінге дейін облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен аймақта, оның ішінде ауданда шешімін тапқан мәселелерге тоқталсаңыз...
– Қазірге дейін аймақта түйіні тарқатылған түйткілдер көп. Оның барлығын жік-жіктеп айтудың қажеті жоқ. Ал Қазалы ауданына келер болсақ, жоғарыда тоқталып өткендей 2004-2005 жылдары жарық, сусыз отырған ауылдар көп кездесетін. Мен өзім болдым, өзім толдым деп айта алмаймын. Сол уақыттарда облыстық өкілетті орган мінберінде елге сыйлы азаматтар жетерлік еді. Мен солардың тәрбиесінен өтіп, көп нәрсе үйрендім.
Бағана айтқанымдай бұрынырақта ауыл өз алдына, кенттің өзі жарықсыз отырды. Бір көшеге 2 сағат, келесісіне 2 сағат жарық барып тұратын. Ауызсу мәселесі де тура осындай болатын. Бүгінде басқа аудандармен салыстырғанда ауызсу тапшылығы шешілген. Барлығына бірдей жетіп тұр десек артық емес. Сонымен қатар автожол мәселесінің де бір жақты болып келе жатқанын көзіміз көріп жүр. Қараңғы көшелердің де жарқырап тұрғанын, бүгінге дейін көптеген елдімекендерде білім ошақтары салынғанын айтпай кетуге болмайды. Ертеде дарияның арғы бетіндегі шет ауылдармен өткелдің болмауы салдарынан байланыс үзіліп қалатын. Мұның барлығы артта қалды. Осы ретте ендігі шаруа «Қарлаң» көпірі болғалы тұрғанын тілге тиек етсем деймін. Міне, осындай дүниелердің игілігін халық көруге тиіс. Тоқталғандардың бәрінде облыстық мәслихат депутаттарының еңбегі жатыр.
– Өңірдегі кәсіпкерліктің даму деңгейіне қандай баға бересіз?
– Көпшілік Қазалы жерін кәсібі дамыған аудан деп айтады. Бірақ бізде өндіруші аз. Барлығы болмағанмен бірсыпырасы сырттан әкеліп сатады. Оның ішінде «Сыр маржаны» ЖШС күріш, «РЗА» АҚ ет, колбаса, сүт және сүттен жасалатын тағамдар және «Қазалы» конфеті ғана өз өнімдерін ұсынады. Міне, осы сындылар қатары ауданда арта түссе жақсы болар еді. Тек бүгінгі күнмен ғана қол қусырып қарап отыруға болмайды. Әрі қарай дамыған үстіне дами берген дұрыс.
Өндіріс ең алдымен кәсіпкерге пайда, содан соң халыққа нәпақа. Біздегі көптеген отбасы осының арқасында табыс тауып, балаларын асырап отыр. Негізінен кәсіпкерлікті қолдауға жоғарыдан көптеген қаржы бөлінеді. Тіпті санауға шамаң жетпей қалады. Осыдан соң банк түскен қаржыға жоғары өсімпұл қояды. Ал енді айтыңызшы неліктен банк 1,5 процентке қаражат алып, халыққа 16-17 процентпен несие береді? Мен бұған келіспеймін. Шындығында кәсіпкер банктың ізінде емес, банк кәсіпкердің ізінде жүруге тиіс. Несие алуға көндіріп, қолдау жасауы қажет. Алдағы уақытта осындай күндердің келетініне сенейік. Қорыта келе өндіріс ошақтары артса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
– Әрбір елге сыйлы азаматтармен әңгіме барысында күн сайын көзбен көріп, құлақ естіп жүрген жемқорлық жөніндегі пайымына қанық болдық. Осы тұрғыда пікіріңізді білсек...
– Мәселенің көптігі соншалық шашыңыздың түгі жетпейді. Және ол күн сайын тамырлап барады. Соның ішінде имансыздық, сенімсіздік, жемқорлық үдеп кетті. Мен ауылда туып-өстім. Сол кезде есте қалғаны күнде кешкісін көлді жағалай орналасқан көршілес тұрғындар кешкі ас дайын болғанда тамақтарын бір-біріне ала жүгіретін. Оған қоса біреудің үйінде той болса барлығы бірдей қуанып, бір отбасында қайғылы жағдай орын алса тұтас ауыл қайғыратын. Бұл имандылықтың басымдылығы. Кешегі күнге дейін мұның барлығы болғанымен ненің әсері екені белгісіз бұл да жоғалып барады.
Әрине бәріне бірдей күйе жағудан аулақпын. Бірақ қазір кейбіреулер жемқорлыққа құмар екені шындық. Мұның өзі ертеңге деген сенімділікті жоғалтады.
Биылғы күтпеген жерден келген індет бізді дәрі іздеп, кейбір азық-түлік түрлерінің тапшылығы жағдайына жеткізді. Қиын сәтте дәрі-дәрмек аздығы орын алып, ауруханаларда оттегі балондарының жетіспеушілігіне душар болдық.
«Күн жаманы кетер» дегендей осындай орын алған кедергілердің барлығы да артта қаларына күмәнім жоқ.
– Балалық шақ дегенде көз алдыңызға не елестейді?
– Ой, шіркін! Балалығын сағынбайтын жан жоқ шығар әсте. Десек те менің көз алдыма құртқа шашты қамшы қылып, жалаңаяқ ауыздықпен алысып, қамыс атпен шапқан сәтім елестейді. Балалық кез – уайым-қайғысыз күндер, сүттен ақ судан таза пәк сезіммен жер теуіп жүрген кезең. «Ғұлы-ғұлы» деген құм жәндігін табанға жағып алып, «менің атым жүйрік» деп бір топ балалармен айқай салып, жарысып жүретінбіз. Жанай көлінің етегінде ешбір композитор шығара алмайтын әуеннің дауысымен таң атыратынбыз. Ол қамыстың сыбдыры, судың сылдыры, оған құстың сайраған үнімен құрбақаның дауысы қосылып, бөлек музыканың ырғағымен ата-анаңның жанында рахат күй кешіп, оянған сәттің барлығы әлі күнге дейін көз алдымда.
– Бүгінгі ұрпақ тәрбиесі жөнінде айта кетсеңіз...
– Әрбір жанұяда өсіп келе жатқан бала үйдегі тәрбиеге қарап түзелетіні сөзсіз. Соның арқасында биіктерден көрініп, ортасына сыйлы болып, елге танылатыны тағы бар. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді дана халқымыз. Егер бала отбасында дұрыс тәлім алса, оның болашағы жарқын болады. Керісінше, бұрыс тәрбие берілсе, көптеген кедергілерге ұшырап, болашағы бұлыңғыр болмақ. Қазір жастар ұялы телефонды жата жастанып жатады. Әлеуметтік желіге телміріп, уақытты құр жібереді. Бұл «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайдының» кері. Мәселе күн тәртібінен түскен жоқ. Мейлі олар қалта телефонды ұстай берсін. Бірақ содан өзіне керегін алып, қажетіне жаратсын. Әрбір ата-ана бала тәрбиесіне бейжайлық танытпау қажет екенін түсінсе екен.
– Құлазыған көңіліңізді не көтереді?
– Әрине адам болған соң кейде көңілім құлазып кетеді. Ол үйдегі ғана емес, қоғамда болып жатқан оқиғалардың салдарынан орын алады. Бірақ соны жуып-шаятын қуанышты жағдайлар да аз емес. Оның барлығына тоқталудың қажеті шамалы. Бастысы – отбасым аман, еліміз тыныш болса, осының өзі көңілдің пәстігіне жол бермейді.
– Ізіңізден ерген жастарға айтарыңыз...
– Ауданда көптеген қыз-жігіттер өсіп келе жатыр. Бірінен-бірі өткен, шетінен сен тұр мен атайындар. Барлығын сырттарынан бақылап, байқап отырамын. Елге болсын деп еңбек етіп жүрген жастардың барлығы қуантады. Солардың арқасында еліміз дамып, болашағымыз жарқын болады. Тек еріншектікті ұмытып, еңбекқор болу қажет. Жастарға тек ақ жол тілеймін!
– Уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңыз үшін рахмет.

Әңгімелескен Абзал ЖОЛТЕРЕК