Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2027 жылы Қазақстанда таеквондодан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы Қазақстанда таеквондодан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы Қазақстанда таеквондодан әлем чемпионаты өтеді
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі
Қазақстан таеквондодан (WT) 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу орны ретінде ресми түрде таңдалды. Бұл шешім Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) жиынында қабылданды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Дүниежүзілік федерацияға мүше елдердің өкілдері бірауыздан Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Олар Астанада өткен халықаралық турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті.
Алдағы әлем чемпионаты Қазақстанда және Орталық Азияда алғаш рет өтпек. Федерация турнирді Астанада ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Айта кетерлігі, қазіргі таңда Уси қаласына әлемнің 179 елінен 991 таеквондошысы 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жиналды. 24-30 қазан аралығында өтетін әлем біріншілігінде ел намысын 16 таеквондошы қорғайды,- делінген федерацияның баспасөз хабарламасында.


23 қазан 2025 ж. 297 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031