Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Талап бар жерде тәртіп болады

Талап бар жерде тәртіп болады

Төтенше жағдайға байланысты аумақтағы ахуалды білмек ниетте Қазалы аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гүлсім Имандосовамен сұхбаттасқан едік.
– Гүлсім Жұманқызы, оқырмандарға толығырақ ақпарт берсеңіз. Коронавирус инфекциясы қандай жолдармен жұғады?
– Коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет анықталған, ауа тамшылы жолмен жұғатын жаңа вирусты респираторлы ауру. Бұдан бөлек науқас адаммен тікелей жанасқанда, жөтелу, түшкіру кезінде,оның жеке гигиеналық заттары мен ыдыстарын тұтынған кезде жұғу ықималдығы жоғары.
– Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қаншаға жетті?
– 03.04.2020 күні сағат 10.30 –дағы мәлімет бойынша 444 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Нұрсұлтан қаласында-199, Алматы қаласында-91,Қарағанды облысы-21, Ақмола облысы-19, Атырау-20, Жамбыл облысы-6, Шымкент қаласы-2, Шығыс Қазақстан-3, Алматы облысы-9, Ақтөбе облысы-7, СолтүстікҚазақстан облысы-14, Павлодар облысы-1, Маңғыстау-1, Қызылорда облысы-26, Батыс Қазақстан-2,Түркістан облысы -14.
– Тұрғындар арасында «Жанқожа батыр ауылынан науқас шықты» деген алып-қашпа әңгіме тарады. Жалпы аудандағы ахуал қалай?
– Коронавирустың нақтыланған жағдайымен жақын қарым-қатынаста болған адам Жанқожа елді мекенінен келіп, аудандық ауруханның жұқпалы аурулар бөлімінің боксына оқшауланды. Анализдері облыстық вирусологиялық зертханаға жолданып, теріс нәтиже көрсетіп, коронавирус диагнозы нақтыланған жоқ. Аталған адаммен қарым-қатынастағыларанықталып, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді. Осы ретте азаматтардан төтенше жағдай кезінде жарияланған іс-шараларды қатаң сақтай отырып, инфекцияның аудан аумағына енуі мен таралуын болдырмауға ықпал жасауларыңызды сұраймын.
– «Сақтықта қорлық жоқ» деген. Коронавирус ауруының алдын алуда қандай ережелерді ұстанған дұрыс?
– Жеке бас гигиенасын қатаң ұстану қажет. Қолды сабынмен жиі жуыңыз және жөтелгеннен, түшкіргеннен кейін дезинфекциялау құралдарын (тері антисептиктерін) қолданукерек. Көзіңізге, мұрыныңызға, бетіңізге қолыңызды барынша тигізбеуге тырысыңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киіп,бір реттік қолғап қолданыңыз. Ауырып жүрген адамдардың және олардың заттарына жанасудан аулақ болыңыз, байланысқа түскен жағдайда бетпердемен қорғанған жөн. Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу үшін беторамал пайдаланып, содан кейін оларды қоқысқа тастаңыз және қолды мұқият жуыңыз. Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтаныңыз.
– Төтенше жағдай кезіндегі талаптар туралы айтсаңыз...
– Сауда, қоғамдық тамақтану орындарында (сатушылар, аспазшылар, даяршылар, кассирлер және тамақ өнімдерінің ортасында жүрген тікелей жанасатын басқа да адамдар) бүтіндігі бұзылған кезде кемінде 2 рет ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаптармен қызмет көрсетуге міндетті. Ірі сауда объектілерінде орналасқан және қоғамдық тамақтану орындарындағы үстелдердің арасын, сонымен қатар барлық кезекпен қызмет алатын жерлерде ара қашықтықты кемінде 2 метр болуын ескерген жөн. Көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өлшеп, оралған түрде тұтынушыға ұсыну барлық сауда қызметкерлерінен талап етіледі. Әрбір қатынас кестесі алдында қоғамдық көлікті теміржол бойы мен автовокзалды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын күніне кемінде екі рет залалсыздандыру қажет. Сонымен қатар балалар және спорт алаңдарын, сол маңға қойылған орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, РОS терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, өңдеу назарда ұсталады. Талап бар жерде тәртіп болады. Ал бұл ел басына төнген қауіп-қатерді сейілтуге мүмкіндік береді.
Жалпы әр адам тазалықты берік ұстанып, дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен айналысып, үйде болуытиіс. Төтенше жағдайға байланысты коронавирус инфекциясының алдын алу шарттарын толығымен орындау өзіңізді, отбасыңызды және айналаңыздағы барлық адамдарды аурудан сақтаудың бірден-бір жолы болып табылатындығын ұмытпаған абзал.

Әңгімелескен
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА


04 сәуір 2020 ж. 1 128 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930