Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тіл тас жарады

Тіл тас жарады

Қолданысымызда кездесетін “Тіл бас жарады, бас жармаса, тас жарады” деген нақылды жиі пайдаланамыз. Бұл таныс тәмсілдің шығу тарихы жайлы естігеніңіз бар ма? Ол туралы тарих мақұлдайтын шындықты ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеев өз жазбаларында былайша өрбітеді...

Сонау “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” жылдарында бір көк ала бие он бес ауылды асырауға жарапты, бір мерген он бес ауылды асырапты. Биеден бір сауғанда үлкен көнек сүт шығады екен. Иесі “көз тиеді” деп биесін сайдан-сайға жасырып сауыпты.

Бір күні иесі бір сайда биенің иігенін күтіп отырса, көз ұшында төрт кісі көрінеді. Оны байқаған бойда келіп қалады-ау деп асығып сауа бергенімен, олар келгенше сауып бітіре алмапты. Алыстағы кісілер жақындап қалғанда, амалсыз түрегеліп, бір қара тасты алып, “тіл болсаң тасқа тіл” деп, сүттің ішіне тастап, көнектің бетін жаба қойыпты.

— Мана көз ұшында бұл биенің жанында отыр едің, сонан бері биені саудың ба, жоқ, жай отырдың ба? Біз осыны қызық көріп, білейік деп келіп едік, — депті.
— Биемнің тез арада иімейтұғын жаман әдеті бар еді. Бүгін сол қырсығы ұстап, жаңа ғана сіздердің алдыңызда зорға иіген еді, — дейді сауыншы.
— Бәсе, солай шығар, манадан бері сауып отырған болсаң, бір көл болып ағарлық болды, — деп жолаушылар жүріп кетеді.
Кісілер кетісімен сүтті сабасына құйса, көнектің түбіндегі қара тас төртке бөлініпті. «Адам тілі тас жарады, тас жармаса, бас жарады” деген содан қалған екен. Егер ол тасты салмаса, тіл-көз биеге кәрін салып, жазым етері сөзсіз екен.
Бағлан АБЗАЛ

18 маусым 2019 ж. 2 462 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930