Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аса қауіпті жеті әдет…

Аса қауіпті жеті әдет…

Біз «қауіпсіз» деп есептейтін ұсақ-түйек әрекеттер мен әдеттер көп. Бірақ шындығында, олар біздің денсаулығымызға кері әсер етуде…

Мысалы, сыбырлау, тіс шұқығышты пайдалану, ұйықтау кезіндегі дененің орналасуы біздің жай-күйімізге зиянды болуы мүмкін.
Сол себепті, бұл нәрселерді есіңізде сақтап, енді ешқашан істемеуге кеңес береміз!

1. Түшкіруді ұстап қалу.
Біз ағзадан бактерияларды шығару үшін түшкіреміз. Егер сіз түшкіру кезінде оны ұстап қалуға тырысатын болсаңыз, ағзаңыздың тазалануына мүмкіндік бермейсіз.

2. «Тіс шұқығышты» пайдалану.
Бұл сіздің қызыл иегіңізге зиян. Сонымен қатар, ауыз қуысын «тіс шұқығышпен» тазалау мүмкін емес. Егер қажеттілік туындаса, оның орнына «тіс жібін» пайдаланғаныңыз дұрыс

3. Жастыққа «бетпен» жату.
Бұл сіздің тыныс алуыңызға және денедегі жұлынның дамуына кері әсер етеді. Ал бет терісінің бұзылу қаупі одан да жоғары.

4. Жиі «шайнау».
Әсіресе, әңгіме қатты тағамға келген кезде. Үнемі әрі жиі шайнау тіс эмалінің құртылуына әкеліп соқтырады.

5. Шашты ыстық сумен жуу.
Ыстық су шаштың жиі түсуіне әкеліп соқтыратын бас терісінің «ұсақ тесіктерін» ашады. Оған қоса, жоғарғы температура тері майлануына әсер етеді, сол себепті шаш қысқа уақыт арасында «кір» болады.

6. Бетті қолмен жиі ұстау.
Адамның қолында көптеген бактериялар бар. Теріге жиі қол тигізу арқылы сіз оларды түгелдей бетіңізге жұқтырасыз. Бет терісінің көптеген мәселелері осы себептен де туындауы мүмкін.

7. Жиі сыбырлап сөйлеу.
Сіз сыбырлаған кезде, дыбыс сымдарына қатты күш салынады және бұл олардың созылуына әкеліп соқтырады.
Егер Сіз денсаулығыңыз мықты болсын десеңіз бұл жаман әдеттерден аулақ болғаныңыз жөн.
06 наурыз 2019 ж. 1 655 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031