Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әйел тез босануы үшін қандай ырым жасалған?

Әйел тез босануы үшін қандай ырым жасалған?

Жүкті әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым «жарыс қазан» деп аталады.

Келіннің толғағы басталған кезде енесі көрші-қолаң, жақын-жуық әйелдерді шақырып, толғағы жеңіл болсын деп, жарысқазан береді. Яғни қазанға әдейі сақтап жүрген сүр етті салып, жиюлы жүкті шешіп, көрпе-төсектің бәрін жазып, осы тәрізді ырымдар жасаған.

Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны.

Жарысқазан жасалғанда ешкім асын аяп, іркіп қалмайды. Әр үйде бірнеше жерде қазан асылады. Келіншек босана алмай қиналып, толғақ ұзаққа созылып кетсе, қазан басында жүрген әйелдер қазанға пышақты жанып: «Қара қазан бұрын пісе ме? Қара қатын бұрын туа ма?», – деп дауыстап қояды. Келіншек аман-есен қол-аяғын бауырына алса, ауыл жұрты жиылып, қуырдақтан дәм татады.


08 қараша 2023 ж. 1 031 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930