Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең сұлу әйел

Әлемдегі ең сұлу әйел

Әлемдегі ең сұлу әйел – жүкті әйел. Жанарында – бақыт, жүрегінде – махаббат, ал ішінде – жаңа өмір...
Аяғы ауыр әйелдерге қатысты түрлі белгі мен тыйымдар қай елде болса да жетіп артылады. «Әйелдің жүкті екенін білген күннен ­бастап оны көркем әуен, күй, аңыз-әңгімелер тыңдауға, тамаша табиғат құшағында жүруге, әдемі суреттерді көруге, дәмді тағамдарға баулыған. Мұның бәрі құрсақтағы баланың жақсы дамып, дүниеге аман келуі үшін жасалған. Анасы арқылы баланың денсаулығын жақсартуға, көңіл-күйін көтеруге тырысқан». Осы орайда сәби күтіп жүрген аналарға қатысты ырым-тыйымдар туралы айтпақпыз.
Қазақ «құрсақ шашу» тойын жасап, туғандарынан сүйінші сұраған. Аяғы ауыр келіншектің бастапқы үш айы қауіпті, баланың орнықпаған кезі деп санап, бөтен адамдарға естіртпеген. Алғашқы үш айда жүкті әйел кең киім киіп, басқалардан аяғы ауыр екенін құпия ұстаған. Үкі қауырсынын, күміс теңге, тұмар тағу секілді дәстүрлерді орындаған. Бұл тіл-көзден сақтайды деп сенген.
Әйел босанған соң қалжа беру дәстүрі болады. Ол босанған келінге арнап таңдалған мал. Бұл туралы этнографтар мынадай жазба қалдырған. «Әйел босанарға таяу күндері аяқ-қолы бүтін қойды қалжаға дайындап қоятын болған. Бала өмірге келген түні соны сойып, оның оң жақ асық жілігі мен барлық мүшесін асады да әйелге қалжа жегізеді. Қалжа жеген әйел қалжырамайды деп есептеген. Туыс-туғандарын шақырып, қалжадан ауыз тигізген.
Қазақ жүкті ананы «Әлемдегі ең сұлу әйел» деп таниды. Оған құрметпен қарайды, бағалайды, сыйлайды. Үлкен апа-әжелері аман-есен баласын бауырына бассын деп неше түрлі ырымын істеп, салтын жасайды. Осы ретте көпбалалы ана Сәулеш апа: “Қазақ өте ырымшыл халық қой. Келіндерім босанатын сәті жақындағанда «оң-оң» ырымын жасаймын. Ол толғағы жеңіл, босануы оңай болсын деген аналық ниетім. Білмейтіндер болса айтып өтейін. Жеңіл көрпе немесе жамылғыны жерге төсеп, жүкті келіншекті жатқызу керек. Екі жағынан екі әйел (міндетті түрде босанып, бала сүйген) «Бисмилаһи рахмани рахим, иә Жаратушы қолдай гөр» деп бастап, «Оң-Оң», «Оң-Оң» деп кезек-кезек бір-біріне қарата аударады. Өзім осы ырымды жасаған күні-ақ келіндерім толғатып перзентханаға жиналатынбыз. Сөйтіп тәп-тәтті немеремізді еш қиналмай қолымызға аламыз”, – деген кеңесімен бөлісті. Сонымен қатар кейбіреулер келін толғата бастаған кезде ең алдымен құлағындағы, қолындағы әшекейлерін шешкізіп, үйдегі сандықтың аузын ашып, түйіншектің түйінін тарқатып жатады.
Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған атам қазақ ырым арқылы тәрбие берген. Ырым-тыйымның пайдасы да ұшан-теңіз. Оны қолдану әркімнің өз еркінде. Ең бастысы – әрбір сәби дүниеге аман-есен келіп, шаңырақтың шаттығы еселенсін.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
03 қазан 2020 ж. 1 890 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930