Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ тіліндегі мақал-мәтел және тәмсіл сөздердің парқын біле жүріңіздер

Қазақ тіліндегі мақал-мәтел және тәмсіл сөздердің парқын біле жүріңіздер

Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тізбектері құрылысы, түрі, сөз қолдану аясы жағында бір-біріне етене жақын болып тұтасып, туысып бете қайнап, бірге сабақтасып жатса да, әрқайсының өзіне тән даралығы, айқын парқы бар. Мен әр қайсын салыстыра егіздеу арқылы өз әлімше талдап көрейін. kaz.tengrinews.kz
Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз қолдану аясы, ойды, образды айту, пішіні жағында тетелесіп тең мағынада тұрады. Терең үңіліп талдап талғағанда ғана олардың айқын парқы, өзіне тән қас ерекшілігі көзге көрінеді, көңілге ұялайды. Мысалы:
1. Мақал - бір немес бір неше толық сөйлемнен құралады. Кей бірі өлең жолдарындай үндесіп, ұйқасып келеді.
Ал мәтел - толық сөйлем түрінде құралмай, қалыптасқан сөз тіркесі, нақышты қысқа-қысқа бейелі сөйлем тұрінде жасалады.
2. Мақалдағы айтылатын ой-пікір толық білдіріледі. Ашық айтылады. Сөйлем толық аяқталады. Қорытынды анық көрсетіледі.
Ал мәтелде айтылатын ойдың сілемі тұспалы ғана болады. Өзіне қатысты сөзбен қосылып айтылғанда толықсып толығып толық ұғым береді.
3. Мақалдың мазмұнында шарт пен қорытынды пікір қатар бірдей келіп отырады. Соның біреуі кем болса, ол мақал болу шартын жоғалтады.
Ал мәтелде бұл екеуінің бірі ғана айтылады. Негізінен шарт айтылады да, қорытынды көрсетілмейді. Мәтелде көбінесе, айтылатын ой турасынан айтылмай, төтесінен білдірілмей, кей сөзін тыңдаушының өзі аңғарып түсініуі үшін әдеиі қалтырып кетеді.
Мақал мен мәтелдің ара-жігін ары қарай аршып, ашалап ұғу, аңғару үшін де, жоғарыда айтылған ұғымдарды саралап көрейік.
1. Аталы сөзге арсыз жауап қайырады. Мынау мақал - мұнда шарт та қорытынды да бар. Сөйлем толық аяқталған, "Аталы сөз" мақалдың шарты. "Арсыз жауап қайырады" мақалдың қорытындысы.
2. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш. Бұл мақал - "Алдыңа келсе", мақалдың шарты, "Атаңның құнын кеш" қорытындысы. Міне, осы екі мақалда шарт та қортынды да бар. Толық қанды мақал деуге болады. Қараңыз екі мақалдағы шарт та, қорытынды да толық сөйлем түрінде құралған, тоқ ұғым беріп тұр.
1. Ұзын арқан кең тұсау.
2. Әпекеме жездем сай,
Сасыған етке борсыған май.
3. Ауырдың үстімен,
Жеңілдің астымен.
4. Саптаяққа ас құйып, сабына қарауыл қою.
Жоғарыдағы төрт мәтелде толық сөйлем түрінен құралмай, тек істелетін істің шарты ғана айтылғанда, қортынды оқырман назарына тұспалдап қалтырылған. Оны оқырман ойланып өзі табады, қортынды шығарады. Міне осындай тұрақты сөз тіркесін мәтел деп айтады.
Мәтелдегі тағы бір айқын ерекшелік, мақалдағыдай қос тармақты болып келу шарт емес. Егер мәтел сөздің үстіне сәл сөз үстемелене қосылса, онда ол мәтел мақалға айналып шыға келеді. Мысалы: "Асатпай жатып құлдық деп" келсе, мәтел болады да, "Асатпай жатып құлдық ұрма" болса, мақал болады. Үйткені "ұрма" деген болмсыз етістіктің тұрі мәтел сөзінен қортыды шығарып тұр. Себебі басқы сөйлемді бүтіндеп , ұғымды да толық аияқтап тұр.
Міне, "Асатпай жатып" Мақалдың шарты болып келсе, "Құлдық ұрма" қорытынды рөлін атқарып тұр. Бейне сол сияқты "Бұл недеген сұмдық" деп келсе, мәтел болады да "Асатпай жатып құлдық ұрма" болса мақалға өзгереді.
Демек, біз бұл жерде бір нәрсені есте сақтаумыз керек. Мәтел ылғый да сыңар тармақты болып келе бермейді. Қос тармақ тіпті одан да көп тармақтармен жасалуы мүмкін. Ондай кезде де мәтел - сол өз мазмұнын өзгертпейді. Шартын ғана айтады да, қортындысын оқырманның ойланып табуына қалтырады. Сондықтан қос тармақты айтылған мәтелдерді мақал деу дүрыс емес.
Жә, мәтел біткенді мақалға өзгерте беруге болады екен деп, кез келген мәтелге келсе-келмес сөз үстеп қосып мазмұнын өзгерте беруге болмайды. Олай етсек ол тұрақты сөз тізбегіне жатпайды. Тұрақты сөз тізбегі әуелгі сөйлем құрлысын тұрақты сақтап, мазмұнын өзгертпейді. Ғасырлар бойы қаз қалпында сақталып, қаз қалпында айтылып келгендігімен құнды. Содықтан оны халық дана сөздеріне жатқызған. Оны бұзу тіл номасын бұзу, тілге қиянат, халық даналығына құрмет етпеу болып саналады. Сондықтан қазақ тіліндегі мақал- мәтелдердің алар орыны ерекше. Тілді шүбарламау үшін тіл нормаларын қатаң сақтау әр азаматтың азаматтық парызы. Өз ұлтына, өз тіліне өте үлкен құрметпен қарау керек.
Тәмсіл сөз - бұл да қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркесіне жатады. Тәмсіл деген не? Тәмсіл - қысқа-нұсқа айтылатын, мағынасының астарында аңыз сарыны бар мақал мен мәтелдің сөз құрлысын сақтаған тұжырым сөз. Мағынасында жұмбақ мәні бар сөзді - "Тәмсіл" деп атайды. Ал енді тәмсіл мен мәтел сөздің айырмасын айтып көрейік. Мақал мен мәтелдің ұқсап кетені сияқты тәмсіл сөздің де екеуіне ұқсап келетін тұстары да, ұқсамайтын тұстары да бар. Мысалы:
1. Бітеу іргеде үрген иттің дауысы, көрші үйге естілмейді.
2. Қарыс жерге қан берген,
Тұтам жерге жан берген.
Міне, осы екі сөз тәмсілге жатады. Құрлысы, түрі, мағынасы жағынан мақал мен мәтелге ұқсап кетеді. Бырақ мақал, мәтел емес. Тәмсіл сөз. Оны қалай парықтаимыз. Тәмсілдің астарында мысқыл бар. Неге деген сұрақ бар. Жұмбақ жапсары бар. Жоғарыдағы бітеу іргеде үріген ит деген ұғым сөз жоқ неге деген сұрақ тудырады.
"Қарыс жерге қан берген" неге, "Тұтам жерге жан берген" неге? Міне тәміл сөздің белгілі оқиғамен қатысты туғанын білеміз. Ал мақал мен мәтел де ондай сұрақ туындамайды. Мысалы: "Аттыға еріп жаияудың таңы айырылыпты" денген де, таза тәмсіл. Бұданда неге деген сұрақ сұранып тұр. Мен сабақтастарым біле жүрсін деп, өз білгенімді бөлістім. Тамшыдай пайдасы болса, қуанар едім.

Бопай Дулат Болатұлы
01 желтоқсан 2022 ж. 1 363 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031