Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ поэзиясының қара нары

Қазақ поэзиясының қара нары

Жақында Қазалы қалалық кітапханасының қызметкерлері «Қазақ поэзиясының қара нары» атты онлайн поэзия сағатын ұйымдастырды. Тұрақты оқырмандарының назарына ұсынған мәдени шара ақын, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туған күніне орай өткізілген болатын. Мұндағы басты мақсат – оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру және поэзияға деген қызғушылықты арттыру.
Қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиев Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. Шын есімі – Ғабдолхамит. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысты тұңғыш өлеңдері Гурьевтің облыстық газетінде жарияланды. Ол көптеген өлең, публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалар жазды.
Соғыстан кейінгі уақыттары 5 жылдай «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, одан кейін екі жыл қатарынан Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі қызметінде болды.
Бұдан соң бір жылдай көлемде Қазақстан мемлекеттік әдебиет баспасы поэзия редакциясының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Исатай ауданының, Атырау қаласының құрметті азаматы атанды.
Хамит Epғалиев отызға тарта жыр жинақтарының, «Әке сыры», «Замандасқа», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Оралдағы отты күн», «Аңыз ата», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Жылдар, жылдар» деп аталатын өлең және поэмалардың авторы. Ол Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» және 1, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендері және бірқатар медальдармен марапатталған.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБАТОВА
28 қараша 2022 ж. 472 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 178

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930