Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазалыдан шыққан алашордашы

Қазалыдан шыққан алашордашы



Тәуелсіздікке қол жеткізіп, көк байрағымыз көкте желбірегелі бері өшкеніміз жаңғырып, тарих көмбесінде белгісіз болып келген кейбір тұлғаларымыз ортамызға орала бастады. Осы орайда жақында әдебиетші-педагог – Ғалия Орынбасардың «Арда» баспасынан «Қазалылық алашордашылар» кітабы жарыққа шықты. Біз автормен жолығып, бірнеше сауалымызды қойдық.

– Оқырмандар қолына тиген дүниеңіздің «Қазалылық алашордашылар» аталу себебін білсек.
– Қазалының киелі топырағында көптеген текті, қайталанбайтын тұлғалардың кіндігі кесілген. Елінің ертеңі үшін алаң болған арда азаматтардың қаны мен тері есепсіз төгілген. Мәселен, ХХ ғасырдың басында Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы 372 көтеріліс болса, соның жетеуі Сыр бойында орын алған. Бұл кітапта Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы кеңестік саясатқа қарсы күрескен Алашорда мүшелері туралы баяндалады. Сондықтан да кітапты осылай атағанды жөн көрдім. Кітаптың басты кейіпкері – қазалылық алашордашы Пәуедин (Пакуадин) Сыдықов.
Пәуедин Сыдықов 1909 жылы Қазалы қаласында дүниеге келіп, 1989 жылы көз жұмған. Ол 1929 жылы Асандар көтерілісінен кейін Қазалының түрмесінде жатып, өзінің ауылдасы Сұлтаниязов Жұмағұлға: «Менімен Мәскеуде бірге оқыған жолдастарым Қарақалпақстанда Кеңес өкіметін құлатуға шақырып жатыр. Мен қашып, сонда кетемін», – деген екен. Қазалы ауданында Пәуедин атаның Пәкизада Сыдықова деген апасы бар. Жасы 90-ға таяп қалды. Мен сол кісіге қолқалап бара бердім. «Апа, көпті көрген, көп оқыған адамның артында құнды деректер қалмауы мүмкін емес. Маған аманат қылып беріңізші», – дедім. Сонымен ол кісі әр барғанымда бір қолжазбадан, 26 данасын берді. Мен білім алған Алматыдағы педагогикалық университетте оқып жүр¬генімде, төте жазуды үйренгенмін. Көне қолжазбаларды оқуыма сондағы білімім біраз көмектесті. Бір ұққаным, Пәуедин Сыдықов тарихшы екен.
– Кітабыңызда Пәуедин атаның белгілі Алашорда құрамында болғанын айтыпсыз. Осы деректерді қалай анықтадыңыз?
– Бұл кісіні зерттей бастағанымда түсіме кірді. Онда: «Ей, Матығұлдың қызы! Осы кезге дейін не себепті көрінбей жүргенімді сен білесің бе? Мен Кеңес өкіметінің саясатын қолдамадым. Өмір бойы Алашордаға адал болдым. Ал, өкіметке қарсы тұрған адамның қан қақсайтынын білесің бе, сен?», – деген сөздері ешқашан есімнен кетпеді.
Пәуедин атаның Алашорда құрамында болғандығын дәлелдейтін қолжазбалар менде көп. Оларды аударып, зерттегенімде көтеріліс кезіндегі хандардан бастап, округтер, тіпті оған қатысатын шаңырақ санына дейін жазылған екен. 1929 жыл Қазалы қаласында болған «Асандар көтерілісі» де сол тізімде бар. Жазбаға сенсек, Қазалыда туған Атаман Дутов пен Әлихан Бөкейханның арасында жасырын стратегиялық келісім болған. Осындай құнды мәліметтерді атамыз жұрт көзінен алшақ ұстап, бүгінгі күнге бүкпесіз жеткізген.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында өткенімізді жаңғыртып, ұлыларымызды ұлықтау мәселесін көтерген тұста мұның маңыздылығы орасан.
Біз бұдан екі жыл бұрын Қазақ хандығының 550 жылдығын тойладық. Ал, кешегі Кеңес өкіметі тұсында хандық туралы оқыған да, естіген де емеспіз. Пәуедин атамыздың деректер келтірген дәптері 1960 жылдары жазылған. Онда сол кезге дейінгі қазақ хандарының тізімі бар. Ол заманда қазақ хандарының есімін атау қылмыспен пара-пар болғанын ескерсек, бұл дегеніңіз Пәуедин Сыдықовтың ұлттық құндылығымыз жоғалмасын, ұрпағымызға аман-есен жеткізейін деген жанкештілік еңбегі емес пе?!
Қолжазбаларға келер болсақ, онда көптеген тарихи мағлұматтар келтірілген. Тіпті 1929 жылғы көтерілістің хандары мен оған қатысатын адамдардың тізіміне дейін бар. Мысалы: Қожбан хан 1 жыл халық басқарған, Жұбанияз хан 8 жыл ел билеген, Қарақат хан сияқтылар көтерілісшілерді жарқын болашаққа бастаған.
«Қазақ хандарының кераматтары», «Орысқа қарсы қазақ көтерілістері», «Елу ғасырдан бергі жердегі түрік, қазақ хан-патшаларының тізімдері» сияқты жазбаларда нақты, құнды мәліметтер жинақталған. Бұл жазбаның астыңғы жағында «І.V.1956» деп көрсетілген. Егер толығырақ білгіңіз келсе, «Қазалылық алашордашылар» атты кітабында мұның барлығы аудармасымен, түсінікті көрсетілген.
Қорыта айтсам, Пәуедин Сыдықов халқы үшін жаны ауырған, артына мол құнды деректер қалдырған Алашорда азаматы. Ол қалдырған қолжазбаларды оқыған адамның бұған көзі толық жететіні сөзсіз.
Әңгімелескен,
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.
16 желтоқсан 2017 ж. 3 835 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930