Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұмыт болған ұлттық дәстүр

Ұмыт болған ұлттық дәстүр

Ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол – өзімізді, ұлтымызды, баба дүниетанымын тануда. Осы орайда қазақ халқында бұрынға заманнан қазіргі уақытқа дейін сақталған һәм ұмыт болған дәстүрлердің жандануы рухани жаңғырудың күнделікті көрінісі екенін айта кету керек. Бүгінгі күнге дейін сақталғандардың санатына «үйлену той», «беташар», «қыз ұзату», «шілдехана», «көкпар», «тұсаукесер», «сүндет той» сынды басқа да дәстүрлер кіреді. Ал бабамыз ұстанғанмен, ұмытылып бара жатқан дәстүрлерге «құрсақ той» және «ат тергеуді» қосса болады. Өкінішке қарай, мүлдем сақталмай қалғандардың қатарына «кемпір өлді» деген дәстүрді айта аламыз.
Қазақтағы қызықты үйлену дәстүрінің бірі «Кемпір өлді» деп аталады. Ол былайша өрбиді. Үйленердің алдында жігіт сүйген қызын алу үшін біраз кәделерді орындау керек. Кәде деген міндетті түрде іске асатын ғұрып атауы. Үйлену кәделеріне «ат байлар», «төсек салар», «сүт ақы», «балдыз көрімдік», «отау жабар», «қол ұстар» жатады. Аталмыш кәделер орындалып болғаннан кейін, жігіт қыздың ауылына келген кезде, сондағы кез келген кемпір жерге құлап, қолын екі жаққа жіберіп, өліп қалған сияқты болып жата қалады. Қасында тұрған адамдар «кемпір өлді», «ойбай, кемпір өлді» деп айқайлап, назарды кемпірге аударған. Өліп қалған адамды тірілту үшін жігіт қолына ақша немесе басқа сыйлық ұстай келуі керек. Сыйлық бергеннен кейін «өліп» жатқан кемпір «тіріліп», ғұрыпты аяқтайды. Бірақ күйеу бала қолына сыйлық салмас бұрын қарт әйелдің халін тексеретін. Оны аяққа тұрғызып, тамырын ұстап, тексеріп көретін. Егер жатқан кемпір шынымен өліп қалған болса, онда қызықты той қайғылы жайға айналып кететін. Бір жағынан «кемпір өлді» тойда қайғы болмасын деген ниетпен жасалатын ырым болып табылады.
Кез келген қоғам ұзақ уақыт бойы жинақталған тәжірибені келесі ұрпаққа ізгі дәстүрінсіз жеткізе алмайтынын есте сақтағанымыз абзал. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деп Тұңғыш Президент – ­Елбасы Н.Назарбаев кез келген қоғамдық, әлеуметтік үдеріске қазақы салт-санамен бейімделу қажеттілігін баса айтқан.

Дайындаған Дина БӨКЕБАЙ
30 қазан 2021 ж. 1 646 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930