Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Күзгі ағаштың құйтақандай жүрегін

Күзгі ағаштың құйтақандай жүрегін

Күзгі бақтың ашу үшін реңін,
Тал-теректің жұлып алтын жүрегін.
Дем арада жерге төсеп тастапты,
Жапырақтан жасап алтын кілемін.

Табиғаттың шеберлігін қарашы,
Жалаңаш қап, күзгі бақтың ағашы.
Тұрса дағы айнала әсем, көрінер,
Білінбейді өкпе, реніш, наласы.

Тоналса да, айырылса да барынан,
Ұзатқандай қызын сәндеп, қолынан.
Тал-теректер бақыт тілеп тұрғандай,
Ұшып жатқан жапырақтар соңынан.

Жерге төсеп алтын түсті кілемін,
Күзгі бақтың ашу үшін реңін.
Жұлып алып, жерге төсеп тастапты,
Күзгі ағаштың құйтақандай жүрегін.

Алтынбек САҒЫНДЫҚОВ
19 қазан 2021 ж. 1 709 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31