Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жақсының аты өлмес...

Жақсының аты өлмес...

Алаш арыстарының арасында есімі халыққа кеңінен танылмағандардың бірі – Жұмағали Тілеулин. Ол қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі ғана емес, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы Орын­борда алғашқы Халық ағарту комиссары бол­ғанда берген тапсырмасы бойынша қазақ тілінде бірнеше медициналық кітап жазған және шетелдік атақты дәрігер­лердің шығармаларын қазақша аударған жан, деп хабарлайды egemen.kz
1923 жылы Орынбор қаласында «Денсаулық», 1924 жылы Петропавлда «Гигиена», 1926 жылы Мәскеуде «Жұқ­палы науқастар мен оларға қарсы қолда­ны­латын шаралар» атты кітаптар мен 1927 жылы Қызылордада «Гигиена» атты меди­циналық оқулық жазып, басты­рып шығарған. Сонымен бірге ол атақ­ты дәрігерлер – Д.Глобаның «Көз ауруы», Е.Мура­левичтің «Мерез дерті», Е.Клото­ваның «Қолдағы хайуандардан адамдар­ға жұғатын науқастар» атты шығарма­ла­рын тәржімелеп, бастырған. Аудармалары жоғары сапалы, қазақтың ұғымына қа­нық, бірден түсінуге болады. Басқасын айт­пағанда аз уақытқа халыққа ауадай қажетті осынша кітап шығарған адамның еңбегі Кеңес Одағы жылдарында Алаш партиясының белсенді мүшесі болғаны себепті айтылмай келді. Тіпті Тәуелсіздік жылдары да оның есімі атала қойған жоқ.
Жұмағали Тілеулин 1890 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Айыр­тау ауданының аумағында дүниеге кел­ген. 1910 жылы Омбыдағы әскери-фельд­шерлік мектепті бітірген. Өзі туған өңірде болған «лөктір Құсайын» деген адамның шәкірті болып, адамды қазақтың қара емімен де, еуропалық медицина ілімі арқылы емдеуді де бала жасынан бойына сіңірген. Ал Алаш қозғалысы басталғанда оның белсенді мүшелерінің бірі болады. Ол Алаш қозғалысының барлық ірі қай­раткерлерімен тығыз қарым-қаты­наста бол­ған. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңі «қуғындалғанда» Қызыл­жарда бір мың данасын жандармериядан жасырып қалған да Жұмағали.
1913-1918 жылдары ол Қызылжар қала­сындағы ояздық ауруханада дәрігер болып істеген. Көптеген адамның өмірін ажалдан арашалап қалған. Оны біздің төңіректегі қазақтар арасынан шыққан дипломды тұңғыш дәрігер деп те атауға әбден болады.
1918 жылы Қызылжарда «Совдеп» орнағанда дәрігер болып жүрген Жұмағали Тілеулинді түрмеге жабады. Сонда Мағжан өзінің «Г-ға» деген атақты өлеңін жазып, тұтқындағы жазықсыз жолдасы Жұмағалиға рухани қуат берген. Онда мынадай жолдар бар:
«Ардақты ер!
Ұмытылмас еткен ісің,
Күні ертең айбынды Алаш жинап есін,
Көксеген көп заманнан тілегіңді
Жарыққа шығаруға жұмсар күшін!».
Бертін Жұмағали Тілеулин туралы жергілікті өлкетанушы Қайролла Мұқанов орыс тілінде көлемді кітап жазды. Журналистиканың ақтаңгері Сарбас Ақтаев ағамыз «Ана тілі» газетіне көлемді мақаласын шығарды. 2008 жылы өзіміз де «Мағжан өлеңінің кейіпкері» деген атпен «Егеменге» мақала шығарған едік. Кейін көкшетаулық әріптесіміз Байқал Байәділ де «Осы жұрт Жұмағалиды біле ме екен?» атты мақала бастырды. Қазір Көкшетау қаласында Жұмағали Тілеулиннің атына көше аты берілген. Тек Петропавл қаласында оның есімін жаңғырту қолға алынбай тұр.
Осы олқылықтың орнын толтырғандай жуырда Петропавл қаласында Жұмағали Тілеулин еңбектерінің төте жазудан кирилл әрпіне аударылған жинағы жа­рық көрді. Оны жергілікті журна­лист, әдебиетші ғалым Зарқын Тайшы­байдың бастамасымен облыстық архив құрастырған екен. Бұл еңбектің жа­рық көруіне әсіресе архив директоры Сәуле Мәлікованың сіңірген еңбегі зор. Жұма­ғали Тілеулиннің жинағымен қатар олар Қызылжарда 1918-1919 жылдары басылып тұрған «Жас азамат» газе­тінің де кирилл әрпіндегі нұсқасын жеке кітап етіп, бастырып шығарды. Жуыр­да С.Мұқанов атындағы облыстық кітапха­нада Қызылжар жұртшылығының зия­лы қауымы қатысқан жиында осы екі кітап­тың тұсаукесер рәсімі болды. Онда облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығы­метов те сөз сөйлеп, «Рухани жаң­­ғы­ру» бағдарламасының шеңберінде атқа­­рыл­ған бұл игі іске алғысын білдірді. Біз өз тарапымыздан облыс басшысының есіне осындағы медициналық колледж­ге Жұмағали Тілеулиннің есімін беру туралы бұрынғы өтінішімізді еске сал­дық. Мұны жиналған халық та, Ғани Нығ­метов те қолдады.


15 қыркүйек 2021 ж. 674 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930