Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өлген жасушаны сөз тірілте алады

Өлген жасушаны сөз тірілте алады

Бұл бағытта арнайы жүргізілген бірқатар тәжірибеден кейін ғалымдар екіұдай күйден арылмады. Өйткені, олар сөздің қаншалықты құдіретті екеніне көз жеткізген еді.
Ғалымдар мұны қалай анықтады?
Өткен ғасырдың орта шеніне таман, дәлірегі, 1949 жылы паста, Э.Ферим және Улам есімді ғалымдар желілі емес (бейсызықтық) жүйені зерттеген болатын. Бұл сондай жүйе – тәртібі мен сипаты төңіректе болып жатқан оқиғаларға байланысты ауытқып тұратын жүйе. Аталмыш жүйе белгілі бір жағдайда әдеттен тыс күйде танытқан еді өзін. Тәжірибе нәтижелері есте сақтау процесінің жадыға әсер ететін сыртқы факторлар арқылы қалыптасатындығын білуге мүмкіндік берді әрі бұл ақпарат ұзақ уақыт бойы сақталатынын көрсетіп берді. Оның көрнекі дәлелі ретінде организм туралы ақпаратты қамтитын ДНҚ құрылымын келтіруге болады. Сол кездің өзінде ғалымдар молекулалардың жадыны сақтау мүмкіндігіне назар аудара бастады. Кейін зерттеу арқылы солитонды ашты.
Солитон
Солитон деп бейсызықтық жүйеде болатын, құрылымы жағынан тұрақты толқынды атаймыз. Ең таңқаларлығы – бұл толқын интеллектуалдық сипатымен айрықшаланады. Ғалымдар араға табаны күректей қырық жыл салып, бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарында біршама ілгері басты. Тәжірибе мақсатына сай ғалымдар арнайы технология көмегіне жүгіне отырып, ДНҚ тізбегіндегі аталмыш толқынның жолын қадағалады. Толқын тізбек бойымен өтіп, барлық ақпаратты тура мағынасында санап шықты десе де болады. Алайда, солитон мұндай қабілетке қалай ие болды немесе бастапқы команда қайдан шықты немесе берілді? Бұл бағыттағы зерттеу Ресей ғылым академиясының математика институтында жалғасын тапты: адамның сөйлеген сөзінің солитонға әсері зерделенді. Таңқаларлығы – сөздің әсерінен солитондарға «жан бітіп» жанданып шыға келді. Бұл бағыттағы тәжірибе күрделі бағытта жалғасын тапты: солитондарды сәулеленуге ұшырап, ДНҚ тізбегі үзілген, осылайша тіршілік белгісі қалмаған бидай дәніне бағыттаған болатын. Нәтижесінде дән көктей бастады. Ғалымдар бидай дәнінің радиация зақымдаған ДНҚ-сының қалпына келгеніне куә болды.
islam.kz
13 қараша 2020 ж. 642 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930