Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде шағын және орта бизнес несиесіне субсидия беріле бастады

Елімізде шағын және орта бизнес несиесіне субсидия беріле бастады

Фото: pixabay.com
Шағын және орта бизнестің қабылданған жобаларына субсидия төлеу үшін Үкімет қаражат бөлді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды  El.kz интернет порталы.
«Даму» қоры кәсіпкерлерге төлем жүргізуге кірісті.
Жыл соңына дейін барлық міндеттемелерімізді орындап шығамыз. Бұған дейін жиналып қалған қарыздар өтелуде. Кәсіпкерлер бұрын төлеген пайыздық мөлшерлемелеріне қатысты субсидияларын қайта ала бастайды. Банктерге төлемдер толық көлемде аударылады. Осылайша, шағын және орта бизнестің борыштық жүктемесіне қатысты мәселе толық шешіледі. Жыл аяқталғанша барлық төлемді аяқтаймыз, – деді «Даму» қоры басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов.
Сонымен қатар өңірлердің бәрінде кідірістер бірдей болмағаны да атап өтілді. Мәселен, Алматы қаласында жергілікті атқарушы органдардың қолдауы арқасында субсидия төлемдері уақытылы жүргізіліп келген.
01 желтоқсан 2025 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031