Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Алтын Орда қалай құрылды?

Алтын Орда қалай құрылды?

Алтын Орда – Жошы ұлысында құрылған алғашқы ірі мемлекеттің бірі. 1240 жылдары Русь кінәздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық. Қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесті.
Негізін қалаушы Шыңғысханның немересі, Жошының баласы Батый хан. Астанасы Еділ бойындағы Сарай Бату, кейін Сарай Беркеге көшірілді.
Алтын Орда атауы орыс деректерінде XVI ғасыр аяғында кездеседі. ‘’Шыңғыснама’’ дерегі бойынша Шыңғысхан Жошыдан туған үш немересі Батый, Ежен, Шайбаниге алтын босағалы «Ақ Орда», күміс босағалы «Көк Орда», болат босағалы «Боз Орда» тіккізеді. Алтын босағалы ордаға – Батыйды кіргізіп, Жошының орнына хан сайлайды. Мемлекеттің атауы осыдан шыққан дейді.
1227 жылы Жошы хан қайтыс болған соң билік басына Батый хан (1227-1255ж.ж.) келеді. Ол мұсылман деректері бойынша өте әділ болған деседі. Орыс деректерінде Батый Алтын Орданың күш қуатын нығайтқан. 1235 жылы бүкілмоңғолдық құрылтайда Батысқа жорыққа шығу туралы шешім қабылданып, Батый бас қолбасшы болып сайланды. Айтылған жорық жеті жылға созылды. Сүбедей баһадүрдің көмегімен батысқа жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды. Сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды. Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда-Ежен, Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскерімен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтады.
1242 жылы Мажарстан арқылы жолшыбай Пешт қаласын жаулап, Болгарияны бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанаты астанасының орнында Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын. Негізгі әскерлерді қыпшақтар құрады. Оның тұсында мемлекет Алтайдан Дунайға дейінгі жерлерді алып жатты. Осыдан кейін Шығыс Еуропа, Кавказ, Орыс кінәздіктері моңғолдарға тәуелділіктерін мойындап, Алтын Ордаға салық төлеп тұрды. Сөйтіп 1242 жылы Алтын Орданың негізі қаланды. Мемлекет ұлыстарға, ұлыстар үлестерге бөлінді. Әскери билік беклербектің қолына көшті. Азаматтық басқару билігі түрік әулетінен шыққан «мәлік» деп аталған жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылды. Ислам дінін қабылдағаннан кейін іс қағаздарын жүргізу жұмыстары түрік жазуымен, дәлірек айтқанда ұйғыр жазуымен жүзеге асты.
Батыйдан соң билікке келген Берке хан бүкілмоңғолдық құрылтайға қатысудан бас тартып, Алтын Орда дербес тәуелсіз мемлекетке айналды. Берке ханның кезінде Египет сұлтаны Бейбарыспен байланыс күшейді. 1262 жылы екі елдің арасындағы дипломатикалық келісімдер арқылы елшілер келіп жатты. Алтын Орданы одан да әрі күшейту үшін Берке хан Ислам дінін қабылдайды. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырады. Берке хан Кавказдағы жорықта қаза тапты. Берке ханнан кейін Меңгу-Темір хан кезінде Алтын Орданың Жерорта теңізіндегі қалалармен сауда-саттық байланысы артып, жоғары деңгейге көтерілді.
Тохты ханның кезінде (1290-1312) мемлекеттің саяси беделі өсті. Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысы жанданып, Египет мәмлүктерімен қарым-қатынас орнатылды. Өзбек (1312-1342) пен Жәнібек хандар (1342 -1357) тұсында Алтын Орданың гүлденген шағы. Өзбек ханның тұсында Алтын Ордада Ислам діні мемлекеттік дін ретінде жарияланды. Өзбек хан Сарай Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіттер салдырып, қалалық мәдениеттің дамуына көңіл бөлді.
1357-1380 жылдары 20-дан астам хан тақ үшін таласып, бір-бірін өлтірді. 1380 жылы Алтын Орданың қолбасшысы Мамай сарбаздары Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіліс тапты. Осы сәттен бастап жарты Еуропаны бағындырған ұлы держава әлсіреп, құлдырауға ұшырайды.
Соңғы ханы Шейх Ахмед 1502 жылы қаза тапқан соң тарих сахнасынан мәңгілікке кетті. Алтын Орданың орнына күміс босағалы Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қырым, Қазан, Астрахань хандықтары келді.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
02 маусым 2020 ж. 48 758 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930