Қызылорданы - Сырдария облысы, Тұран қаласы деп өзгертуді ұсынамын

Осы орайда қаланы және облысты қалай атауға болады деген ой туары анық.
Тарихқа үңілсек, Қызылорданың байырғы атауы – Қамысқала. Кейін Ақмешіт атанды. Бұл аймақта ертеде Ордакент, Сығанақ қалалары болған. Бұлар да қала атын иеленуге лайық. Жалпы, Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында жəне Тұран ойпатында орналасқан. Сондықтан Қазақстан, Сыр бойы алты Алаштың анасы, түркі дүниесінің түп тамыры екенін тағы бір бекіте түсу үшін Қызылорданы Сырдария облысы, Тұран қаласы деп өзгертуді ұсынамын.
Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров, Әбділда Тәжібаев, Сабыр Шәріпов, Қалмахан Әбдіқадыров, Асқар Тоқмағанбетов тәрізді қазақ зиялыларының ізі қалған, Алаштың анасы атанған киелі мекенді шынымен құрмет тұтсақ, Ұлттық сананы жаңғыртқымыз келсе, тарихи әділетсіздіктерден ел тарихын арашалап алғымыз келсе, өзгерту керек. Білеміз, оған біршама қаражат кетеді. Алайда ұлттық рух, намыс одан да биік әрі қымбат.
Әділбек Қаба
Abai.kz