Ораза ұстаған әрбір адам білуі тиіс нәрселер
Ораза туралы жиі қойылатын сұрақтар
«Бес парыз» дегеніміз не?
Бірінші: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед пайғамбардың Алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Екінші: Намаз оқу. Үшінші: Зекет беру. Төртінші: Ораза ұстау. Бесінші: Қажылыққа бару.
«Ораза» деген не?
Ораза –таңның атуынан кештің батуына дейін Алла разылығы үшін тамақ, сусын, жыныстық қатынас секілді ауыз аштыратын іс-амалдардан тиылу.
Ораза кімдерге парыз?
Ораза әрбір мұсылман, балиғат жасына толған, ақыл-есі бүтін ер мен әйелге парыз.
Балиғат жасы дегеніміз қандай жас?
Ұл бала үшін 12 жастан 15 жасқа дейін, қыз бала үшін 9 жастан 15 жасқа дейінгі аралық.
Кәрілік себепті ораза ұстауға мүлде шамасы келмейтін кісі не істейді?
Кәрілік себепті ораза ұстауға мүлде шамасы келмейтін адам әрбір өткізген күні үшін мұқтаж адамды бір мәрте тамаққа тойдырады.
Рамазан оразасын басында үш күн, ортасында үш күн, соңында үш күн ұстауға бола ма?
Оразаны басында үш күн, ортасында үш күн, соңында үш күн үстаған адам Рамазанды толық ұстаған адам ретінде есептелмейді. Рамазан оразасы толық бір ай ұсталады.
Намаз оқымайтын адамға ораза ұстауға бола ма?
Намазға әлі жығыла қоймаған адамның ораза ұстауына болады. Себебі, намаз өзінше бір парыз, ал ораза мүлде бөлек парыз.
Аяғы ауыр не емізулі баласы бар әйелдер ораза ұстай ма?
Аяғы ауыр не емізулі баласы бар әйелдер ораза ұстап-ұстамау жайында білікті дәрігермен ақылдасқаны жөн. Ұстамаған жағдайда кейінірек қазасын өтейді.
Рамазан оразасы басында бір айға ниет етіле ме, әлде әрбір күнге сәресіде ниет етіле ме?
Рамазан оразасына басында бір ниет жасау жарамды. Әрбір күні ниет жасау абзал іс.
Ораза кезінде душқа, өзен-көлге түсуге бола ма?
Ораза кезінде жуынуға, шомылуға рұқсат. Тек тамақтан су өтіп кетпеуін қадағалау керек.
Ораза кезінде тіс пастасын қолдануға бола ма?
Тіс пастасын сәресі кезінде және ауыз ашқаннан кейін пайдаланған абзал.
Ораза кезінде тіс емдетуге, жұлдыруға бола ма?
Ауырып, маза бермей жатса, емдетуге де, жұлдыруға да рұқсат. Тек тістен шығатын қан, ауыз шаятын сұйықтық дәрілер тамақтан өтіп кетпеуін қадағалау керек.
Ораза кезінде укол салдыруға бола ма?
Тамырға салынатын, денеге күш беретін система секілді уколдар оразаны бұзады. Ал теріге салынатын, денеге күш бермейтін уколдар оразаны бұзбайды.
Ораза кезінде түкірік, қақырық жұтуға бола ма?
Түкірік, ауыз сілекейі, қақырық ол - табиғи нәрсе. Олар оразаны бұзбайды. Тек ауызға әдейі толтырып жұтпау керек.
Ораза кезінде шаш, тырнақ, дене түктерін алуға бола ма?
Шаш, тырнақ, дене түктерін алу тазалыққа жатады. Оларды алу оразаны бұзбайды.
Аузы берік адам баласын сүйіп, иіскеуіне бола ма?
Ораза кезде баланы сүюге, иіскеуге болады.
Аузы берік адамға әйелін сүюге, құшақтауға бола ма?
Адам өзіне сенімді болмаса әйелін сүйіп, құшақтамағаны дұрыс.
Мұрын, тіс қанаса ораза бұзыла ма?
Мұрын, тіс қанаса ораза бұзылмайды. Тек тамақтан өтіп кетпеуі керек.
Сәресіге ұйықтап қалған адам не істейді?
Сәресіге ұйықтап қалған адам таң атып кеткенін білсе, ештеңе ішіп-жемей оразасын ұстап кете береді.
Сәресі қай уақытта ішіледі?
Сәресі тарауих намазы мен таң намазының арасында ішіле береді. Алайда оны таң атар алдында, яғни, таң намазы кіретін уақыттың алдына дейін кешіктіріп ішкен абзал.
Ораза кезінде бір ай бойы ерлі-зайыптылар жыныстық қатынастан алыс болуы керек пе?
Жыныстық қатынас тек оразаның күндізінде ғана тиым етіледі. Яғни, таң атқаннан ауызашарға дейін. Ал ауыз ашқаннан таң атқанға дейінгі аралықта рұқсат етіледі.
Аузы берік адамға сағыз шайнауға бола ма?
Ораза кезінде дәмі бар не жоқ болса да сағыз шайнамаған дұрыс.
Аузы берік адамнан күндіз ұйқы кезінде ұрық бөлінсе (полюция) оразасы бұзыла ма?
Ұрық бөлінген жағдайда ораза бұзылмайды. Себебі, адамның ырқынан тыс болатын жағдай. Жуынып оразасын ары қарай жалғастыра береді.
Ораза кезінде әйелдің етеккірі келсе не істейді?
Етеккірі келген әйел кісі ораза ұстамайды. Етеккірі келген сәтте аузы ашылады. Сол күннің және етккірі келіп, ұстай алмаған күндердің қазасын Рамазан оразасынан кейін өтейді.
Ораза кезінде ауыз құрғағаннан ауызды мұздай сумен шаюға бола ма?
Ауызды сумен шаюға болады. Тек, тамақтан судың өтіп кетпеуін қадағалау қажет.
Ораза кезінде басы айналып, көзі қарауытып, қатты әлсіреп кеткен кісі не істейді?
Қатты қиналып не қатты ауырған кісі денсаулығына қауіп төнгеніне байланысты аузын ашуға рұқсат. Рамазаннан соң сол күннің қазасын өтейді.
Ауыз берік кезде тамақтың дәмін көруге бола ма?
Ораза кезінде тамақтың дәмін көруге болады. Оны жұтпай қайтадан түкіріп тастау керек.
Ораза кезінде байқамай тамақ жеп не су ішіп қойса не болады?
Ораза кезінде байқамай тамақ жеп, не су ішіп қойса одан ораза бұзылмайды. Ораза екені есіне түскен сәтте аузындағы тамақты алып тастау керек. Сол күнгі оразасын ары қарай жалғастыра береді. Қазасы жоқ.
Ораза кезінде жүрегі айнып құсқан жағдайда ауыз ашылып кете ме?
Ораза кезінде өздігінен жүрек айнып құсса, одан ораза бұзылмайды. Ал өзі күштеп құсатын болса, одан ораза бұзылады.
Ораза кезінде жыласа ауыз ашылып кете ме?
Ораза кезінде жылағаннан ораза бұзылмайды.
Ораза кезінде ашуланғаннан, біреумен ұрсысып-төбелескеннен ауыз ашыла ма?
Ораза кезіндегі ұрыс-керістен ауыз ашылмайды. Ондай жағдайда оразаның сауабы кемиді.
Ораза кезінде қан тапсыру оразаны бұза ма?
Ораза кезінде аздаған мөлшерде анализ үшін қан тапсыру оразаны бұзбайды. Ал көп көлемде болса, мысалы, біреуге қан құю үшін болса, ораза бұзылады
Ауызды ең бірінші қандай затпен ашқан дұрыс?
Ауыз ашқанда ең бірінші құрмамен ашқан абзал. Құрма жоқ болса, сумен ашқан дұрыс.
Кешке мешітте азан шақырыла бастаған кезде ауыз аша беруге бола ма? Әлде азанның соңына дейін шақырылып біткенін күту керек пе?
Кешке мешітте азанның шақырылуы күннің батқанын білдіреді. Ол - ауызды ашатын сәт. Сол үшін азан шақырылып басталған кезде-ақ ауыз аша бересіз.
Ораза кезінде спортпен айналысуға бола ма?
Ораза кезінде спортпен шұғылдануға болады. Тек қатты әлсірейтіндей шамадан тыс болып кетпеуін қадағалау керек. Себебі, қатты әлсіреп, шөлдеп, қиналған кісі шыдамай аузын ашып жіберуі мүмкін.
Аузы берік адам алыс сапарға шығатын болып қалса не істейді?
Алла Тағала ораза уақытында сапарға шыққан адамға аузын ашуға рұқсат еткен. Ол адам ұстамаған күндерінің қазасын Рамазан айы біткен соң өтеуі керек.
Елмен бірге оразаны бастай алмай 2-3 күнге, не 5-6 күнге кешігіп қалған кісілер не істейді?
Оразаны ұстауға кешігіп қалған кісілер үлгерген күнінен бастап ұстай береді. Ал өткізіп қойған күндерінің қазасын ораза айтынан кейінгі күндері өтейді.
«Ораза ұстаған адамға ауызашар берсе, оған ұстаған адамның сауабындай сауап беріледі» делінген хадиске сәйкес ораза ұстамай-ақ ауызашар беріп сауап ала берейін деген түсінік қаншалықты дұрыс? Ол адамның мойнынан ораза парызы түсе ме?
Ораза ұстаған кісілерге ауызашар беру мол сауапқа қол жеткізеді, бірақ ауызашар берушінің мойнынан парызды түсірмейді. Ол кісі де басқалар секілді ораза ұстауға міндетті.
Ауызашар кезінде бірінші ауыз ашқан дұрыс па, әлде ақшам намазын оқып алып ауыз ашу керек пе?
Ауызашар уақыты кірген кезде бірінші ауызды не құрмамен, не сумен ашып алған дұрыс. Сосын ақшам намазын оқып алып дастарханға қайта отыруға болады.
«Қадір» деген сөздің мағынасы қандай?
Қадір деген «қадірлі», «құрметті» деген мағына береді. Қадір түнінде Құран түскен және бұл түні жер бетіне сансыз көп періштелер келеді. Сондықтан бұл түн қадірлі әрі қасиетті.
Қасиетті Қадір түнінде қандай істер жасалады?
Қадір түні - жер бетіндегі ең қасиетті түн. Ол түні таң атқанға дейін дұға-тілектер жасалады, ол түнді Құран, намаз оқумен өткізуге болады және түрлі діни әдебиеттер оқып, салиқалы кісілермен бірге болған дұрыс.
Қадір түнін үйде күткен жақсы ма, әлде мешітте өткізген дұрыс па?
Ер адам болса мешітте жамағаттың арасында өткізген абзал. Ал, әйел адамға үйде күткен жақсырақ. Мешітте өткізем десе, оған да тиым жоқ.
Қадір түні Қыдыр ата келе ме?
Қадір түні Қыдыр ата келеді деп ойлау - жаңсақ түсінік. Бірақ бұл түні жер бетіне періштелер көптеп келеді. Олар сол түні құлшылық жасап жатқан адамдардың дұға-тілектерін Аллаға жеткізеді.