Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » » Ұйымдастырушылық қабілетіңіз қандай?

Ұйымдастырушылық қабілетіңіз қандай?

Сізге әлдебір кешті ұйымдастыруды сеніп тапсырды дейік, суретте берілген тағамдардың қайсысын үстелге қояр едіңіз?

1. Бүйрекше бәліш (пончик) – кез келген жиынды оңай ұйымдастырасыз. Бұл қолыңыздан келеді. Әп дегеннен-ақ барлығын жоспарлап, есептеп үлгересіз және осылай көпшіліктің қызығушылығын туғызасыз. Сізге бұл қабілет өмірлікке жарайды. Кез келген кештің ұйымдастырушысы қызметін атқара аласыз, сонымен қатар басқару қызметтерін де алып жүре аласыз.

2. Тәтті нан – сіздің ұйымдастырушылық қабілетіңіз тек жұмысқа ғана жарайды. Егер бұл салада қызмет етпейтін болсаңыз, бірнәрсе ұйымдастырамын деп тыраштанбай-ақ қойыңыз. Барлығы кері кетуі мүмкін. Егер мерекені атап өту керек болса, бұл істі кәсіби мамандарға сеніп тапсырыңыз.

3. Чипс – таңдауыңыз осы болса, сіз ортаның гүлісіз. Маңызды мерекелер, тіпті қарапайым отырыстардың өзі сіз болмасаңыз қызықсыз көрінеді. Осы тұсыңыз басым. Алайда ұйымдастырушылық қабілетіңізбен топ жара алмайсыз. Бұйырмағанды қуып жете алмайсыз. Оның орнына тағдыр тарту еткен дарыныңызды дамытуға тырысыңыз.

4. Кәмпит. Өміріңізде барлығы қалауыңызға байланысты. Ерік-жігеріңіз мықты. Егер бір нәрсе ұйымдастырғыңыз келсе, қайтсеңіз де ойдағыдай етіп жасайсыз. Тіпті ғаламат үлкен мерекені де керемет өткізіп шығасыз. Ал өз қалауыңыздан тыс бір нәрсе айтылса, одан түк шықпайды.

5. Карамель алма – кез келген мерекені ұйымдастыра алатын бірегей адамсыз. Мойынға алған ісіңізге аса жауапкершілікпен қарайсыз. Одан бөлек, адамдардың да бабын таба білесіз, бұл сізге әр тойды жоғары деңгейде атқаруға көмектеседі.

6. Канапе – сіз туа бітті ұйымдастуршысыз. Бұл қабілетіңізді өмір бойы қолдана аласыз. Сізден өте жақсы басшы, администратор шығады, ұйымдастыруға қатысты кез келген жұмысты дөңгелетіп әкетесіз.

Ұйымдастырушылық қасиеті кейбіреуде туа бітті дамиды, енді біреуде жүре қалыптасады. Бастысы қалауыңыз осы болса, өзіңізді дамыта отырып мақсатқа жетесіз.
massaget.kz

14 қазан 2019 ж. 175 0

Руханият

Қыдыр көрген Құттыбай

Қыдыр көрген Құттыбай

14 желтоқсан 2019 ж.
Баталы жанға бақ қонар

Баталы жанға бақ қонар

14 желтоқсан 2019 ж.
Медет берер мейірбан

Медет берер мейірбан

07 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031