Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақтың рухани қайраткері

Қазақтың рухани қайраткері

Қазалы ауданы Тұран ойпатында орналасқан қасиет пен киеге тұнған жер. Мұнда небір ел басқарған би-сұлтан, жауын тізе бүктірген баһадүрлер дүниеге келген. Солардың қатарында кереметімен халықты тамсандырған әулие-әмбиелер де бар. Осындай қазалылықтардың жүздеген жылдар бойы санасында жатталған есімдердің бірі – Мүсірәлі Сопы Әзіз.
Мүсірәлі бaбa – XVIII ғасырда Тәуке ханның тұсында танылған. Алты aлашқa пір болып, бaс Әзіреті қызметін атқaрған. Әз Тәукеден «Сопы Әзіз» атaғын алғaн рухани қайрaткер. Бұл есім Аллa Тaғaланың тура жолымен жүруге, қазақ халқын ақиқаттың ақ жолына үндегендіктен де күні бүгінге дейін ұмытылмaй ел есінде сaқталып келеді. Ел арaсында «Мүсірәлі ишaн», «Мүсірәлі aхун», «Мүсірәлі керейт қожa», «Мүсірәлі көріпкел, әулие», «Мүсірәлі Сопы Әзіз» aтaуларымен белгілі болған. Жергілікті Сыр өңірінің қaзақтары – Сандaулы Керейт Мүсірәлі деп тaнып біледі.
Мүсірәлі Сопы Әзіздің Әз Тәукенің бас хазіреті болуы елде мұсылман дінін орнықтыруымен және тарихи терең мағыналы “Жеті жарғы” ережесінің туындауымен ерекшеленеді. Бір өкініштісі, “Жеті жарғы” заңының нұсқасы түгел сақталмаған. Қолда бар деректер бойынша бұл құжат Шыңғысханның “Жасақ”, Қасымханның “Қасқа жолы”, Есімханның “Ескі жолынан” және мұсылман дініне сай Пайғамбар хадистерін басшылыққа алған. Кейбір деректерде Мүсірәлі Сопы Әзізді софылық ілімнің белсенді өкілінің бірі және ХІV–ХV ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет Яссауи жолын жалғастырушы ретінде көрсетеді.
Мүсірәлі бабаның шежірелік таралуына тоқталсақ, ол Керейт – Ақсақал – Қоспембет – Сандаулы – Кене – Дулат – Таз. Таздан – Бидас, Жандос. Жандостан – Жәдік. Жәдіктен – Мүсірәлі. Бізге жеткен ел аузындағы аңыз бойынша Мүсірәлінің атасы Бидас Тәуке ханның сарайында қызмет жасаған батыр адам болған деседі. Әкесі Жәдік софылыққа ден қойып, ислам дінін ұстанған өте бақуатты адам болған екен. Әке жолын жалғастырған Мүсірәлі ауыл молдасынан сауат ашып, Қожа Ахмет Яссауи мен Үргеніштегі Көгелташ медреселерінде 12 жыл оқиды. Алланы тану ғылымының ахуны деген жоғары дәрежелі атақ алып шығады.
Жалпы тарихи құжаттар бойынша “Ахун” сөзінің этимологиялық мағынасы “мұсылманның діни адамы, оқытушы”, “үлкен молда”, парсыша “мұсылман дін иесі” дегенді білдіреді. Бұл мәліметтерден бабаның қазақтардың рухани өмірінде ислам дінін уағыздап, ұлт санасын нұрландырып, ізгілік пен имандылыққа шақырғанын көреміз. Ғылыми танымда оның табиғи дарындылығымен қоса әулиелік әрі көріпкелдік қасиеті болған.
Бірде медреседегі ұстаздары бірге оқитын жолдастарының Мүсірәлінің зеректігін көре алмайтындығын сезіп, соған көздерін жеткізу жолдарын ойластырады. Орайлы сәтті күткен ұстаздары шәкірттеріне: “Саяхат-сейіл құрып, демалып қайтыңдар. Келерлеріңде орманнан бір-бір шыбық кесіп әкеліңдер”, – деп серуенге жібереді. Олар жақсы демалып, орманнан шыбық кесіп әкеледі. Тек Мүсірәлі құр қол қайтады. Ол келген соң ішке кірмей, есік алдында мұңайып тұрады. Ұстазы: “Сенің әкелген шыбығың қайда? Ішке неге кірмей тұрсың?” – деп сұрайды.
– Мен де бір шыбық кесіп алуға қаншама ағаштың қасына бардым. Жақындасам, ағаштар “мені кеспеші” деп жылап қоя берді. Оларды аяп, кесіп әкелмедім. Ал сіздің әміріңіз тәрк болды. Соған ұялып Һәм қорқып кірмей тұрмын, – дейді. Сонда бабаның мықтылығын мойындату үшін ұстаз шәкірттерін тағы бір мәрте орманға сейіл құруға босатады. Олар кеткен соң таза матаға Құранды орап, өжіре табалдырығына көміп қояды. Саяхаттан оралған шәкірттер ұстазынан рұқсат сұрап кіріп отырады. Мүсірәлі болса, кірмей тұрып қалады. Бұны бақылап отырған ұстазы: “Мүсірәлі неге кірмейсің?” деген кезде: “Өжіренің табалдырығының астында жатқан Құран Кәрімді аттап кете алмай тұрмын”, – деп жауап береді.
Осылайша күндеп жүрген достары Мүсірәлінің шын әулие екендігіне және ұстазының оны дұрыс бағалап жүргеніне көздері жетеді. Ақыры Мүсірәлі медресені үздік бітіріп шығады. Елге келген соң елді имандылыққа ұйытады.
Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырады. Үш жүздің билері Ордабасыға жиналып, адамның ұлттық санасын нұрландырып, имандылыққа бастайтын рухани басшы, бас Әзіреті Сұлтан қызметіне кімді ұсынуды ойластырады. Ұлы жүзден – Айқожа имамды, Орта жүзден – Шортанбай қожаны, Кіші жүзден – Мүсірәліні, Қарақалпақтан – Күнқожаны, Қырғыздан – Бекқожаны, Өзбекстаннан – Асадулла қожаны ұсынады. Сол кездегі саяси құрылымды бекіте түсу үшін дінді ел билеу идеологиясының бір тармағы ретінде пайдаланған. Сондықтан діни орталықтың басшысы бүкіл қазаққа пір болуға лайық санайтын үміткерге алты сұрақ пен үш шарт қояды. Мүсірәлі осы сынақтардан мүдірмей өткен екен.
Мүсірәлі әулиеге кесене салдыру жұмысы 1998 жылы қолға алынып, 2000 жылы аяқталды. Төле, Қазыбек пен Әйтеке билер қолдаған, Тәуке ханнның қолдауымен үш жүзге пір болған бабаның архитектуралық ескерткіші Алтай бекетінде орналасқан.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
12 қазан 2019 ж. 1 618 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930