Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Түйенің де ақысы болады

Түйенің де ақысы болады

Алла елшісі (с.а.с.) ансарлардың бірінің бақшасына барып, онда бір түйе тұрғанын көреді. Түйе Пайғамбарымызды (с.а.с.) көрісімен-ақ, дереу ыңырсып, көзі жасқа толады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) түйенің жанына барып, құлақтарының артын мейіріммен сипайды. Сонда түйе тыныштала қалады. Осыған орай, Хазіреті Пайғамбар (с.а.с.):

- Мына түйе кімдікі? Иесі кім? – деп сұрайды. Мәдиналық бір жас жігіт келіп:

- Бұл түйе менікі ғой, ей, Алланың елшісі! – дейді. Пайғамбар (с.а.с.):

- Саған Алла сыйға берген мына жануардың ақысы туралы Алладан қорықпайсың ба? Ол маған, сенің оны аштан-аш тастап, көп шаршататыныңды айтып шағымданды, - деді.

Осынау оқиғадан қарасаңыз, кез келген тіршілік иесінің ақысы болатынын көруге болады. Сондықтан да біз ешкімнің де, тіпті еш нәрсенің де ақысын жемеуге тырысайық!
mazhab.kz
16 қыркүйек 2019 ж. 3 668 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930