Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Еңбек Ерінің есімі – есте

Еңбек Ерінің есімі – есте

Ғ.Мұратбаев ауылдық кітапха­насында «Ешқашан ұмтылмайтын ерлік» тақырыбында Көлжан Ораза­лиеваның туғанына 95 жыл толуына арналған шара өтті.

Еңбек ер атандырған жанның мағыналы ғұмыры, елеулі есімін жас ұрпақ санасына сіңіріп, патриоттық сезімдерін арттыруды мақсат тұтқан шараға К.Оразалиеваның көзін көрген ауыл тұрғындары, ұрпақтары мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Жерлестерінің мақтанышына айналған жан даңғайыр даладан даңққа бөленген күріш өсірушілер звеносына жетекшілік жасап, еңбек­сүйгіштігімен көпке үлгі болған.

1948 жылы 5 гектар күріштің гектарынан 81 центнерден өнім алғаны үшін оған «Социалистік Еңбек Ері» атағы мен Ленин ордені табысталған. Бірнеше жыл қатарынан Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Ауыл шаруашылығы саласына сіңірген еңбегі ескеріліп, «В.И.Лениннің 100 жылдық» мерекелік және екі мәрте «Қазақ КСР ауылшаруашылығының үздігі» медалін иеленген. Қоғамдық шараларға да белсене қатысқан. Елге еткен қажырлы еңбегі ескеріліп, туған жері Ғ.Мұратбаев ауылынан бір көше аты берілген. Бұл туралы толымды мағлұматқа көпшілік арнайы дайындалған көрмеден қанықты.

Өнегелі өмір иесіне арналған кеште К.Оразалиеваның қызы Рыс­ты Оразалиева, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, күрішші Күнділдә Төлеген Социалистік Еңбек Ері туралы қызықты естеліктер айтты. Ұрпағы Айнұр Оразалы мен оқырман Нұрай Тұрарова жырдан шашу шашты. Бұл күні жас оқырмандар әуелете ән салып, күмбірлете күй тартты.

Шараны қорытындылаған кі­тап­­­ханашы Әйгерім Смағұлова қиын өмірдің өршілдігінен қуат алып, өзіндік қасиетке ие болған тұлға, кейінгі ұрпақ бойына туған жерді сүюді ізгілікті ісімен үлгі еткен ауылшаруашылғы еңбеккерінің қоғамдағы орны зор екендігін атап өтті. Бір топ оқырманға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Наза­р­ованың Алғыс хатын табыстады.

Алтын МЕЙІРХАНОВА
06 тамыз 2019 ж. 1 332 0

Мен өмірді қалаймын

12 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930