Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қандай кино көргіңіз келеді?

Қандай кино көргіңіз келеді?

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрініс табуы туралы айтты. Ол Қазақстанның өркениет көшіндегі үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керектігін баса назарға алды. Кино қай кезеңде де өз құнын жоймаған. Талғаммен таңдап қарай білсеңіз рухани, мәдени тәрбие береді.
Осы орайда көзіқарақты көрермен елдік танытып, ұлттың ұлылығын ұлықтауда қандай телебағдарлама мен кино туындыны тамашалағысы келетініне құлақ түрген едік.

Мұрат ЖЕБЕ:
– Біз білетін «Менің атым Қожа», «Тақиялы періште», «Көксерек», «Өтелмеген парыз» секілді фильмдер әлі күнге дейін ел жадында. Дей тұрғанмен жұрт тарихи киноларды іздейтіні рас. Жеңіл ойлы, арзан күлкіге құрылған фильм­дерден жалықты.
Телевизия бұрынғы заманнан белгі беретін дүниелерге шөліркеп жүр. Көрермен қазақтың жаны мен иісі сезілетін киноларды аңсайды. Оны режиссерлер де сезген сияқты. Себебі тарихи кино түсіруге бет бұрғандар саны артты. Сондықтан да құзырлы орындар өткен өмірімізді тірілтуге ниеттенген режиссерлерге жан-жақты қолдау көрсетсе дейміз. Тарихи фильмдер көп сериал бойынша ұсынылса деген тілегім бар. Өйткені ғұмыры бірнеше жылға созылған тұлға жайлы бір серияда бәрін қамту мүмкін емес деп ойлаймын.
Басты мақсат – ұрпақты ұлт­жандылыққа тәрбиелеп, патриот­тық рухын арттырып, ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қадірлеп, қастерлеуге бау­луға ықпал ету.

Ләйла ДӘСТЕНОВА:
– Өзбек фильмдерін көрсеңіз сүйсінесіз, себебі, олардан халықтық құндылыққа тән өмір тынысы аңғарылады. Мысалы ұлттық киімдері мен отбасындағы бір-біріне «Сіз» деп сөйлескендері жүрекке жылы тиеді. Сондай-ақ корейлік тарихи тұлғалар, батырлар туралы түсірілген туындыларды көре отырып, ел шежіресінен хабардар боласың.
Бізде де киноға арқау болар тұлғалар жетерлік. Мәселен, Қорқыт баба, Бегім сұлу, Асандар көтерілісі, Жанқожа баба, Ғани Мұратбаев, Роза Бағланова, Қазалыдан шыққан Кеңес Одағының батырлары секілді аңыз адамдар мен өлкеміздің терең тарихын таныстырмасақ өзгелер қандай халық, ұлт екенімізді біле қоймайды.
Әсіресе балаларды ерте жастан туған жерді сүюге, Отанды құрметтеуге баулуда тарихи анимациялық фильмдердің рөлі зор.

Бану ШӘЙКЕНОВА:
– Елдегі кино саласы мүлдем артта қалды деп айта алмаймыз. Тәуелсіздік жылдарында елдікті танытып, ұлтымыздың ұлылығын көрсететін бірнеше кинофильм қалың көрерменге жол тартып, өз бағасын алып та үлгерді. Алайда, қазіргі таңда біз секілді жас буын өкілдеріне өткенді сол қалпында жеткізетін тарихи фильмдер, телевизиялық бағдарламалар насихат құралы ретінде әлі де болса, кітаптан оқығаннан гөрі көзбен көріп тамашалауға керек-ақ.
Қазақ хандығының құрылуы мен одан бергі Тәуелсіздік кезеңіне дейін қаншама айтылмай-жазылмай қалған тарихи ақтаңдақтарымыз бар. Солардың бәрі жүйелі түрде экран бетінен көрініс тапса нұр үстіне нұр болар еді. Қазақтың өткенін тек жоңғарлармен болған соғысқа әкеліп тіреп қоюмен шектелмеу керек секілді. Бай тарихты баяндау үшін кешегі Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегі де сұранып тұрғандай.

Анар АХМЕТОВА:
– Тарихи киноларды түсіргенде режиссерлер ұлттық әде­биетке жүгінгені жөн. Олай дейтінім, ұлттық таным ұлттық әдебиет арқылы сіңеді. Өкінішке орай дәл осы жағы отандық кино саласында ақсап жатады, яғни әдебиет пен киноның арасы алшақ.
Қазақ тарихында экрандауға лайық қара қылды қақ жарып, әділін айтқан билер, текті хандар, сайыпқыран батырлар қаншама?! Кейбір балалардан сұрап көріңізші, көбісі бейхабар. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, ашаршылық жылдары, қуғын-сүргін зұлматын да баяндар болсақ, тауысылып бітпейді. Одан кейінгі кезеңде де елге адал қызмет еткен тұлғалар жетіп артылады. Барлығы да халықтың бүгінгі болашағы үшін күрескендер. Оларды қалай, қай заманның иіне салып көрсетемін десек те әбден лайықты.
Сондай-ақ, балалар үшін, Алпамыстың алып­тығын, Ер Тарғынның ерлігін, Қобы­ландының қайсарлығын насихаттап, Гүлбаршын, Қарлыға, Құртқа секілді арулардың ақылдылығын көрсетіп, эпос кейіпкерлерінің өмірінен сыр шертетін мультсериалдарды тартымды әрі мағыналы түрде ұсынса, ықыласпен қабыл алары сөзсіз.
Пікірлескен,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА


15 сәуір 2019 ж. 1 816 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930