Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Астанада XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

Астанада XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

2018 жылғы шілденің 1 мен 7 аралығында Астананың 20 жылдық мерейтойына орай XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді.

Кинофестивальге «Сезар» жүлдесінің иегері, франциялық актер Венсан Кассель, 71 Канн кинофестивалінде «Айка» фильміндегі басты рөлі үшін үздік актриса атағын алған Самал Еслямова, серб кинорежиссері жəне актері Эмир Кустурица, Б.Бертолуччидің «Соңғы император» фильмінің монтажы үшін «Оскар» жүлдесін иеленген, режиссер-монтажер Габриэлла Кристиани, танымал франциялық актриса және модель Леа Сейду жəне көптеген басқа да киногерлер қатысады. Сондай-ақ, отандық кино жұлдыздар, «А» санатындағы халықаралық кинофестивальдердің жетекшілері, киноиндустрия саласының эксперттері мен сыншылары, танымал зиялы қауым өкілдері, отандық жəне шетелдік БАҚ, блогерлер бой көрсетеді.

Кинофестиваль шеңберінде MegaSilkWay мен «Хан Шатыр» СОО-тарындағы «Chaplin» кинотеатрлар желісінде конкурстық жəне байқаудан тыс қатысып отырған фильмдердің тегін көрсетілімдері, отандық жəне əлемдік кино жұлдыздарының қатысуымен ашылу жəне жабылу салтанаттары өтеді. Кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасы келесідей: 2017-2018 жж. жарыққа шыққан толықметражды көркем фильмдердің халықарылық байқауы (500-ден астанам өтінім келген); қысқаметражды кинолардың халықаралық байқауы (30-ға жуық фильм, 600-ден астам келіп түскен өтінімнен). Конкурстан тыс бағдарлама бойынша: «Керуен» - Орталық Азиядағы түркі тілді кино және фильмдердің панорамасы, «Еуразия жүрегінде» - 2017-2018 жж. үздік қазақстандық финолар, халықаралық кинофестивальдердің лауреаттары атанған фильмдердің əлемдік панорамасы «Əлем назарында» бағдарламасы, «Объектив» – әлемдік деректі фильмдердің бағдарламасы, сонымен қатар «Ерекше оқиға» бағдарламасы, «ФИПРЕССИ және НЕТПАК» әлемдік жүлдегерлердің көрсетілімі, «Шығыс-Батыс» ХКФ фильмдерінің ретроспективті көрсетілімі.
17 маусым 2018 ж. 1 616 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 142

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031