Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шырайлы шаһар салтанаты

Шырайлы шаһар салтанаты

Өткен жұмада Қазалы ауданында Қызыл­орда қаласының 200 жылдығына орай «Жыр-әннің елі, Тұранның төрі – Қызылорда» атты Қызылорда қаласының мәдени күндері өтті.
Сырдың бас шаһарының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыстық мәслихат хатшысы Нау­рызбай Байқадамов бастаған делегация алдымен жаңадан салынып жатқан 18 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сондай-ақ, «Қазалы-Керуен» логистика­лық орталығына, «СПК Қызылорда Балық», «Қаза­лы-конфет» кәсіпорындарына ат басын тіреді.
Аталмыш делегация ауданның тағылымды тарихынан сыр шертетін, 50 жылдық тарихы бар Ғани Мұратбаев музейіне соқты.
Келесі кезекте, мерейтой құрметіне арнал­ған шара Р.Бағланова атындағы мәдениет орта­лығында жалғасын тапты.
Салтанатты жиында Н.Мәшбекұлы шаһар­дың 200 жылдық торқалы тойына Қазалы ауданының жасаған тартуының ерекше екенін айтып, ризашылығын білдіре келе:
– Сыр елінің әкімшілік және рухани орталығы саналатын Қызылорда қаласы түрлі тарихи кезеңдердің куәсі. Тарлан тұлғаларды түлеткен қасиетті мекен. Талай игі бастамалар мен тың жаңалықтардың қаласы. Осындай ұлы көштің заңды жалғасындай бүгінгі Қызылорда – еліміздің жаңа дәуірін қалыптастыруға қар­қынды атсалысып келеді. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қаламыздың көлемі бір­неше есеге ұлғайды. Халқының саны артты. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, саябақтар, жаңа аудандар бой көтеріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жақсаруда. Қаланың сәулетті келбетіне көрік берген зәулім ғимараттар, демалыс орындары, бизнес орталықтары мен қонақ үйлер, қала халқының жайлы тұрмыс кешуіне жағдай жасалынған орталықтар бой көтеруде.
Сыр аймағының осындай бірлігі мен берекесі жарасқан аудандарының бірі – Қаза­лы. Қазалының ежелден терең тарихы қалыптасқан, ғасырлар бойы Сыр бойында қорғаныс, сауда, әкімшілік орталығы қызметтерін атқарған ерекше орны бар. Тарих беттерінде талай қилы заманды бастан кешкен бұл мекен – қазақылықтың қайнар көзі, қайсарлықтың қасиетті ордасы саналады, – деген лебізін жеткізді.
Бұдан кейін қала әкімі Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған бірқатар азаматтарға мерекелік медаль табыс етті.
Өз кезегінде аудан басшысы Қызылорда жұртшылығын 200 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Шара соңы сазды әуенімен шартарапқа танылған Сыр өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ
09 қараша 2018 ж. 1 179 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930