Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Абайдың қара сөздері» киножобасының түсірілімі басталды

«Абайдың қара сөздері» киножобасының түсірілімі басталды

Президент телерадиокешені «Абайдың қара сөздері» көркем киножобасын түсіруге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Президент телерадиокешенінің баспасөз қызметі хабарлады. 15 бөлімнен тұратын жоба «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен жүзеге асады. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 25 қазанға дейін жүреді. «Телевизия жобасының әр сериясы толыққанды сюжетке құрылады. Сюжеттерде бас кейіпкердің рөлін Нұрлан Әлімжанов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген сияқты танымал қазақстандық актерлер сомдайды. Жоба авторлары күрделі режиссерлік шешімдер арқылы ұлы ойшылдың аңызға айналған «қара сөздерін» жаңа қырынан ашуға тырысады», - деп жазылған ресми мәліметте. Телерадиокешеннің бас директоры Раушан Қажыбаеваның айтуына қарағанда, терерадиокешен ұжымы бұл жобаға үлкен жауапкершілікпен кірісіп отыр. «Оның философия пайымдары мен даналығы уақыт өткен сайын өзекті бола түскен. Ойшылдың «Қара сөздері» қоғамның рухани-мәдени өміріне бағдар беріп тұр», - дейді Раушан Қажыбаева. «Ақыры ойладым: ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Ұлы ақынның сол айтқаны айнымай келіп, бүгін жұрт «қара сөзбен» жазылған рухани мұраны әлі азық қылып келеді. «Телерадиокешеннің жаңа жобасы Абай әлемін түсінуге, қазақ халқының ұлы ұлының бүкіл адамзатпен рухани-философиялық байланысын нығайтуға өз үлесін қосады», - деп жазады кешеннің баспасөз қызметі.
06 қыркүйек 2021 ж. 1 432 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930