Хан Асан: “Театр киімілгіштен басталады”
Театрды халықты тәрбиелейтін жер ретінде көрсек, ондағы сахналатын қойылымның сапасы мен бағыты ұлттың салт-дәстүріне сай ықшамдалғаны дұрыс.
«Театр көбейсе, түрме азаяды», – дейді Шерхан Мұртаза. Театр өнерінің қалыптасуы, дамуы жайлы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясынан «театртанушы» мамандығының түлегі, аудандық мәдениет бөлімінің режиссері, жас драматург Хан Асанмен әңгімелестік.
– Театр түсінігі туралы пікіріңіз қандай?
–Театр – синтездік өнердің жиынтығы.Театр мәдениеті деген кірпияз дүние. Қоғамда қалыптасқан: «Театр киімілгіштен басталады» деген түсінік бар. Бұл сөздің мән-мағынасы зор. Киімілгіш адамның сыртқы болмысын тастап, жан дүниесімен рухани ортаға бастайтын табалдырығы. Бір өкініштісі, қазақ тілді көрермендер арасында бұл ұғым толық қалыптаса қоймаған. Жалпыұлттық мәдениетті орташа деңгейге жеткізу үшін қарапайым халықты театрға көптеп тарту керек.
– Театрдың қалыптасуы мен ежелгі үлгілеріне тоқталсаңыз?
– Оның пайда болу тарихына келсек, әңгімені әріден бастаймыз. Ежелгі грек наным-сенімінде Құдайларға құрбандық шалып, мерекелер ұйымдастырып отырған. Дионис құдайға арналған мерекеден театр тарихы басталады. Көктем мен күзде ұйымдастырылатын тойда шаруадан шаршаған егінші халық демалып, шарап ішіп, текенің тұлыбын киіп ән айтып, билеп көңіл көтереді. Соның арасында байларды әжуалап, күлкіге айналдырудан «комос», яғни комедия пайда болды. Осыны дәстүрге айналдырған олар қайғы мен қуаныш қатар жүретініндей, енді мұң мен көңілсіздікті көрсетуді ойлайды. Бұл уақытта соғыс жиі болады, әр отбасыдан кем дегенде бір еркек қаза табады. Соның өзін сипаттап, сахналау қолға алына бастайды. Бұдан «трагос» мұңлы ән дегенді білдіретін трагедия шығады.
Театр да дін секілді. Әр жерге көшкен сайын сол аймақтың салтына, әдет-ғұрпына бейімделеді. Мұнан соң театрдың даму кезеңі Римде жүреді.
Рим халқы реализмді қатты жақсы көрген. Әртістік өнердің шыңы деп 100 процент рөлді алып шығып, егер сахнада шын өлу керек болса кейіпкерлер ажалға басын байлайтын қойылымдарды атаған. Осындай көріністерге халық арасында сұраныс та көп болған. Антикалық театр толықтай дерлік далада орналасты. Онда 20 мыңнан 44 мыңға дейін адам отыратын бөлік ойластырылған. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда ғана тастан қаланған театрлар салына бастады.
Периклдің тұсынан бастап, билік қойылымдарды көруге қаражаты жетпейтін кедей халық үшін мүмкіндік жасайды. Яғни оларға бір реттік субсидия жариялаған. Осы арқылы барлық адам бірдей рухани толысып отырды.
Ол кездегі әртістер өзіндік мимиканы рөлде пайдаланбаған. Барлығы дерлік рөлді бетпердемен ойнап шығатын. Киім мен қимыл-қозғалысқа қатты мән берген. Әртістердің барлығы еркектер болды, әйел адамның бейнесін де солар ойнап шығатын.
Алғашқы драматургиялық туындыларды Эсхил, Софоклдер алып келді. Аристофан атты драматург «Бақалар» деген шығармасында Гомердің мифтік құдайларын комедиялық кейпікерлерін жасап шығарды.
– Қазақстан жеріне театрдың келуі, қазақ драматургиясын қалыптастырған есімдер туралы айтып өтсеңіз?
– Қазақ жеріне театр өнері Еуропадан Ресей арқылы XVIII, XIX ғасырларда жете бастады. 1925 жылы Қызылордада тұңғыш кәсіби ұлт театры ұйымдастырылды. 1928 жылы астана ауысқанда Алматыға көшірілді. Сол уақытта қазақ драматургтерді іздеу қолға алынды. Салт-дәстүрді насихаттап, мәдениетімізді көркемдік деңгейде жеткізе алатын өнер адамдары жиналды. Ең алғаш Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров сынды ақын-жазушылар театрдың талқылауына қатысып, шығармаларды ықшамдап беріп отырған.
30-жылдардың бас кезінде Алматы, Қарағандыда жұмысшы-жастар театры құрылды. Бұларды ұйымдастыруға Қ.Бадыров, К.Қармысов, С.Телғараев бірігіп еңбек сіңірді. Қазақ театры өнерін одан әрі өркендету ісінде “Ұлт өнерін дамыту шаралары” туралы қаулының рөлі ерекше болды. Осыған орай 1934 жылы облыстарда қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсете бастады. Кәсіби дайындығы бар орыс режиссерлері қазақ актерлерін орыс театрының бай тәжірибесімен және К.С.Станиславский жүйесімен таныстырып, кәсіби сахна өнеріне шыңдады. Әсіресе орыс, шетел классикасы мен осы заман драматургиясының озық үлгілерін театр репертуарына енгізіп байытуда айтарлықтай жұмыс атқарды.
Соғыс жылдарында қаһармандық драматургия көп сахналанды. Театр ұжымдары бірқатар әскери-патриоттық тақырыптағы пьесаларды сахнаға шығарды.
1970-1980 жылдардан бастап қазақ драматургиясына аударма келе бастады. Еуропа классикасын өз сахнамызға әкеліп, көрерменге жеткізу қазақ театрының бір ұтқан тұсы болып саналады.
– Жас дарынды драмтургтер мен талантты әртістерден кімдерді атар едіңіз?
– Тәуелсіз Қазақстан драмасында жақсы авторлар баршылық. Айдана Аламан, Қолғанат Мұрат, Ықылас Шалғынбай, Әлішер Рахат, Мерей Қосым сынды қаламгерлер қазақ тілді көрерменге алдағы уақытта жақсы туындылар жазады. Ықылас Шалғынбайдың «Бекет» атты пьесасы, Қолғанат Мұраттың «Түнек» деген пьесасы ТМД елдерінің арасындағы конкурсқа қатысып, орыс тіліне аударылды. Бірақ сахналанған жоқ. Себебі қазақ театры мұндай шығармаларға дайын емес. Көрермен осындай қойылымдарды күтіп жүр деп ойлаймын. Бірақ театрдың көпшілігі тек пайда табу жағын ғана ойлап кеткен.
Мен осы ретте қазақ театрының мықты әртістері Берік Айтжанов, Дулыға Ақмолда сынды таланттарды ерекше атағым келеді. Комедия королі ретінде Бекжан Тұрысты айта аламын.
– Әлемдік театрдың қазіргі бағыты туралы не айтасыз?
– Театр дүниеге келгеннен бастап үш кезеңді басынан өткерді. Ең бірінші авторлар кезеңі. Ол Эсхил мен Шекспирге дейінгі аралықты қамтыды. Яғни авторлар бұл жерде барлық шығармашылық еркіндікте болды. Одан кейін актерлар кезеңі. Әртістер қандай шығарманы, қандай кейіпкерді ойнайтынын өздері таңдады. Осы екеуінен кейін режиссерлер келді. Станиславскийдің кезінде театрдың тынысы кеңейе түсті. Режиссер жоқтан бар жасай алды. Олар халықты иллюзиямен тарта білді.
XXI ғасырдағы әлемдік сахнада қойылып жатқан спектакльдерді саралайтын болсақ, басты элемент шоу болып тұр. «Суперменнің» өзіне спектакль қойылған. Оның басты сиқыры көрерменнің үстінде ұшып жүруі.
Жапонияда ұлттық кабуки театрлары жұмыс істейді. Сол баяғы XVII ғасырдағы киімі мен бетпердесін киіп алып, өнер көрсетеді. Самурайлардың жекпе-жектері ширма артында көлеңке арқылы көрсетіледі. Бірақ осының бәрі үйлесімді, көркем көрінеді.
– Драма.кз байқауына қатысып келдіңіз. Осы жайлы оқырманды құлағдар етсеңіз...
– Бұл үшінші рет ұйымдасытырылып отырған драматургиялық конкурс. Жыл сайын сапасы өсіп келеді. Өзім қанағаттанатын фестивальдердің бірі. Мұны ұйымдастырып жүрген Олжас Жанайдаров есімді Ресейде тұратын қазақ бауырымыз. Жобаны Ресей театр қайраткерлері Одағы мен Қазақстан театр қайраткелері Одағы бірігіп, атқарып отыр.
Мен үш жыл бойына осы конкурстың басы-қасында жүрдім. Алғашында көрермен ретінде бардым. Екінші жылы «Мұңлы Арлекин» деген шығармамен қатыстым. Комедия жанрының дель-арте театрының кейіпкері сайқымазақ Арлекиннің мұңы туралы болды. Конкурстан кейін тәуелсіз театрда сахналанды. 2019 жылы «Әулие ағаш» атты пьесамды ұсындым. Осы жолы 48 шығарма қатысып, соның 9-ы финалға өтті. Конкурста 9 шығарманың оқылымы болды. Қазақстанның белді режиссерлері, авторлар келіп бәйгеге түскен туындыларды жан-жақты талдады. Бұл конкурсқа барып келу арқылы үлкен тәжірбие жинақтадым.
– Әңгімеңіз үшін рахмет!

Әңгімелескен
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ