Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "200 мың доллар бердім": Қайрат Әділгерей қалай "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі болды

"200 мың доллар бердім": Қайрат Әділгерей қалай "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі болды

Белгілі әзілкеш алғашқы кездері "Түнгі студия" бағдарламасына жүргізуші болғанда пікірлерді мүлдем оқымағанын жеткізді. Өйткені ол Нұрлан Қоянбаевқа үйреніп қалған жұрт жағымсыз сөздер жазып, өзінің мысын басатынын білген. Әзілкеш кейінірек көрерменнің пікірін оқи бастапты.
"Пікірлерді оқи бастаған кезде, "Қоянбаевты қайтарыңдар", "Нұрлан қайда?" деп пікір жаза бастады. Ал мен алты айда жұмыс жасап кеткеннен кейін пікірлерді қабылдамадым. Тіпті тойда жүрген кезде де "Түңгі студияның қалай тартып алдың?" деп сұрайды ғой", - дейді Қайрат Әділгерей. 
Бағдарламаға қатысты көп сұрақ қойылғанын жеткізген Қайрат Әділгерей әркімге әртүрлі жауап бергенін айтып берді. Біріне көп мөлшерде ақша бердім десе, енді біріне уақытша ғана жүргізуші болып жүрмін деп қалжыңдаған. 
"Сосын мен қалжыңдап "Бұл бағдарламаға кіру үшін 200 мың доллар бердім" деймін. Адамдар таңқалып жатады. Мен Нұрланды қуып жіберіп, осы бағдарламаны тартып алғандай боламын. Кейбіреулерге бұл уақытша, Нұрлан қайтып келеді деп те айта салатынмын", - дейді Қайрат Әділгерей. 
stan.kz
05 қыркүйек 2019 ж. 1 102 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30