Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бұршақ жауады: 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бұршақ жауады: 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің тек шығысында сақталатын болады, ал территорияның қалған бөлігінде Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтайтын болады – жаңбыр, оңтүстік пен солтүстікте қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел күшейеді, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ жауып, күндіз батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аударында, Атырау облысының батысы, шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстік-батысында бұршақ жауып, дауыл соғады, түнде солтүстігі, солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының түнде оңтүстігінде, күндіз батысы мен оңтүстік-шығысында бұршақ, дауыл болып, түнде және таңертең шығысында тұман түседі, күндіз батысы мен оңтүстігінде жел күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында дауыл, бұршақ болдып, батысы, оңтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен орталығында бұршақ жауып, жел 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында бұршақ жауып, батысы мен орталығында жел күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғып, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Павлодар облысының орталығы мен орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
18 мамыр 2022 ж. 512 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 36

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 35

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 38

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 40

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031