Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызылордада облыстық жыр мүшәйрасы өтеді

Қызылордада облыстық жыр мүшәйрасы өтеді

2020 жылғы 29 мамыр күні Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Белкөл кенті әкімідігіне қарасты «Белкөл кентінің клубы» МКҚК-ң бірігіп ұйымдастыруымен Хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру мақсатында «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты онлайн облыстық жыр мүшәйрасын жариялайды.
Мүшәйраның талаптары мен шарттары
1. Облыстық мүшәйраға 14 жастан 20 жасқа дейінгі барлық Қызылорда облысында тұрғылықты тұратын өнерлі жастар қатыса алады.
2. Қатысушы талапкер Абай Құнанбайұлына арнау /уақыты – 3 минут/ жазып, өзінің оқыған сәтін видеоға түсіріп, видеосын көрсетілген номерге /+7 771 340 39 64 / ватсап желісіне жіберуі керек.
3. Қатысушылардың видеолары «Faсеbook» және «Instagram» желісінде жарияланып отырады және қорытынды 29 мамыр күні сағат 16.00 де әлеуметтік желіде жарияланады.
Мүшәйра жеңімпаздарын ұйымдастыру алқасы бекіткен қазылар алқасы бағалайды. Жүлделі орындар І орын және II орын – біреу, III орын – үшеу. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталады.
kyzylorda-news.kz
20 мамыр 2020 ж. 846 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930