Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Елімізде коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды

Елімізде коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда тараған коронавирусқа қатысты жедел желіні іске қосты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Facebook» парақшасында хабарлады. 
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан cаll-орталық (1406, +7 717 2 76 80 43) іс қосылды. Азаматтар осы нөмірлерге тәулік бойынша хабарласып, әлемдегі коронавирусқа қатысты ахуал жайлы сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен бірге, жедел желі аурудың негізгі белгілері мен алдын алу шараларына байланысты пайдалы кеңес бере алады», – делінген министрліктің facebook парақшасында.
Министрліктің хабарлауынша, коронавирустың алғашқы белгілері – бастың ауруы, тұмау, кеудедегі ауырлық, өкпенің қабынуы, қызудың көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, демнің жеделдеуі. «Мұндай жағдайда ем шарасын өздігімен қабылдамай, бірден 103 нөміріне хабарласу керек!» – деп ескертеді министрліктен.
Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы коронавирусты 830 адам жұқтырып, 25 адам көз жұмғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған еді.
27 қаңтар 2020 ж. 1 246 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 30

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031