Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыспен қамтуда жүйе бар

Жұмыспен қамтуда жүйе бар

Биыл Қазалы ауданынынан 400 бас мал экспортталады. Бұл жағымды жаңалықты Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.
Былтырғы жылы ауданнан тұңғыш рет Біріккен Араб Әмірліктеріне 29 бас түйе, Өзбекстан Республикасына 100 бас мүйізді ірі қара малы экспортталған. Ал, биыл 400 бас ірі қара малын экспорттау жоспары да бар.
«Өткен жылы «Бақыт» шаруа қожалығы Ресей Федерация­сынан 29 бас ірі қара малын әкелді. Биыл шаруашылықтар тарапынан шет мемлекеттен асыл тұқымды 400 бас мал алынады деп отырмыз», – деді аудан әкімі. Мұнан соң Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығы қосылып, болашақта 50 мың халық тұратын қалаға айналатындығын жеткізді. Былтыр бұл аумақтан 800 адамға жер берілген. Үстіміздегі жылы электр желілері, ауызсу мен газ апару жұмыстары жалғасуда. Белгіленген жұмыс аяқталған соң, 1500 адам тұрғын үй салу үшін жер учаскесін иеленеді. Жыл өткен сайын жаңа ғимараттармен толығып, сән мен салтанаты келіскен кентте жуырда «Рәміздер алаңы» мен Әйтеке бидің еңселі ескерткіші бой көтерді. Енді кәсіпкерлік нысандары мен балаларға арналған ойын-сауық орталығы, балабақша, әкімшілік ғимараттарын салу жоспарланған.
Бұған дейін кент тұрғындары ғана көгілдір отынның қызығын көрсе, Қазалы қаласы мен Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғын­дарының да күл шығарып, көмір тасудан құтылатын күні алыс емес. Қазалыны кәсіпкерлер ауданы десек жарасымды. Қазір мұнда 4325 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Оларда 8958 адам жұмыспен қамтылған. Егін және мал шаруашылығын кәсіп көзіне айналдырған тұрғындар ерте көктемнен еңбек етеді. Былтыр 17790 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Су тапшылығына қарамастан негізгі дақыл – күріштің әр гектарынан 44,3 центнерден өнім жиналған. Дала еңбеккерлері алдағы маусымда 17 700 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді жоспарлап отыр.
Қазалыда тұрғын үйге мұқтаж 842 азамат кезекте тұр. Олардың қатарын азайту бағытында өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Әйтеке би кентінде 6 көп­қабатты тұрғын үй құрылысы басталды. Қазіргі таңда кент пен қала аралығынан 2 қабатты 12 тұрғын үй құрылысын салу үшін құжаттар әзірленген. Аталған жұмыс толық аяқталса, кезекте тұрған 252 адам тұрғын үймен қамтылады.
Брифингте аудан әкімі білім, денсаулық, спорт, мәдениет саласын дамытудағы оң өзгерістерді де атады. Биылғы жылды Елбасы Н.Назарбаев Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда халқының 26 процентін жастар құрайтын Қазалыда жүйелі жұмыстар атқарылып, жас буынның ұсыныс-тілегі тыңдалатын болады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
05 ақпан 2019 ж. 1 038 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930