Қысқы ҰБТ: 100-ден аса талапкердің тестілеу нәтижесі жойылды

«Өкінішке қарай, 118 талапкердің тестілеу нәтижесі жойылды, оның ішінде ҰБТ-ға 2 бөгде адамның кіргені анықталды. Қалғандарының себептері әртүрлі, яғни ұялы телефон ұстау, шпаргалка пайдалану және тағы басқа», - деді ол.
Одан бөлек, Ұлттық тестілеу орталығының басшысы сұрақтардың мазмұнына жауап беретін апелляция комиссиясының жұмысына тоқталды.
«Тест сұрақтарының мазмұнына қатысты республикалық апелляция комиссиясына 8 өтініш түсіп, оның 3-уі қанағаттандырылды. Өткен жылдың нәтижесіне келсек, барлығы 243 өтініш түсіп, оның 101-і қанағаттандырылды. Атап айтқанда, 21 дұрыс құрылмаған тапсырма, 56 жауап кодының сәйкес келмеуі және тағы басқа. Жалпы, біздің базада 120 мыңнан астам тест тапсырмасы бар», - деді Р.Әлімқұлов.
Айта кетсек, бүгін биылғы қысқы ҰБТ нәтижесі белгілі болды. Оған барлығы 34 687 талапкер қатысты.