Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан екі халықаралық банктен қарыз алатын болды

Қазақстан екі халықаралық банктен қарыз алатын болды

Фото: istockphoto.com
Қазақстан Республикасы Азия Даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 105 миллиард йен қарыз алады. Парламент Мәжілісі тиісті заң жобаларын талқылайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалды басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.

Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасы 2024 жылғы 23 қазанда Мәжіліске Үкіметтің қаулысымен енгізілген. Келісімге биыл 23 тамызда Астанада қол қойылды.

«Азия даму банкі Қазақстан Республикасына 52,3 млрд йен қарыз береді. Өтеу мерзімі – он бес жыл, жеңілдік мерзімі 2027 жылдың бірінші маусымына дейін. Қарыз республикалық бюджет тапшылығының жоспарлы кезеңге бекітілген мөлшері аясында ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылады», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен де қарыз алмақ. Осы заң жобасы бойынша да қаржы комитеті қорытынды әзірлейді. Келісім биыл тамыз айында бекітілген. Халықаралық қаржы ұйымы Қазақстанға 52,7 млрд йен қарыз береді. Бұл ақша да республикалық бюджет тапшылығының жоспарлы кезеңге бекітілген мөлшері аясында ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылады, деп атап өтті Савельева.
13 қараша 2024 ж. 71 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031