Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік нысандар мен жол инфрақұрылымына мониторинг жүргізілді

Әлеуметтік нысандар мен жол инфрақұрылымына мониторинг жүргізілді

Бүгін «Әділет» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев Әйтеке би кентіндегі бірқатар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып, Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің интернатына партиялық мониторинг жүргізді.
Ең алдымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысың орынбасары Тәуірбай Құлмұратовпен бірге Жанқожа батыр көшесінің айналма жолы мен Ағайынды Талқанбаевтар көшесіндегі автомобиль жолын қайта жаңғырту жобалары аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі қаралды.
Жанқожа батыр көшесінің айналма жолын қайта жаңғырту жобасын мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» ЖШС жүзеге асыруда. Жалпы ұзындығы 3,192 шақырымды құрайтын жолға қиыршық тас төселіп, ірі және ұсақ түйіршікті асфальт жабындыларын салу қарастырылған. Айналма жол Роза Бағланова атындағы мәдениет үйі тұсынан екі бағытта басталып, Т.Бөріқұлақов көшесімен қиылысады.
Сонымен қатар, Ағайынды Талқанбаевтар көшесіндегі автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесі назарға алынды. Бүгінде мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» ЖШС тарапынан аталған көшеге асфальт жабындысы толық төселген.
Аталған жобалар көлік қозғалысын реттеуге, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға, ауыр жүк көліктерінің кенттің орталық көшелері арқылы қатынауын азайтуға және жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
Бұдан бөлек, партия филиалының төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешовпен бірге Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің интернатына барып, оқушыларға жасалған жағдаймен танысты. Атап айтқанда, интернаттың асханасы, санитарлық тазалығы, жатын бөлмелері мен демалыс орындарының жай-күйі зерделенді. Сондай-ақ мектепте жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі қаралды.
Мониторинг қорытындысында жол құрылысы жұмыстарының сапалы орындалуы мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру ұйымдарында оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылды.
11 қазан 2026 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031