Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спартакиадада озық шықты

Спартакиадада озық шықты

Қызылорда қаласында жергілікті атқарушы органдар арасында өтіп жатқан дәстүрлі облыстық спартакиадада қазалылық мемлекеттік қызметшілер толағай табыстарға қол жеткізіп, аудан намысын абыроймен қорғады.
Спорттық додада бақ сынаған аудан құрамасы екі бірдей спорт түрінен жүлделі орындарды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді.Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан Қазалы ауданының командасы қарсыластарынан басым түсіп, командалық есепте І орынды жеңіп алды. Осы жарқын жеңістің нәтижесінде ауданымыздың намысын қорғаған спортшылар облыс атынан республикалық кезеңге жолдама алды.Жеңімпаз команда сапындааудан әкімі аппаратының бас маманы – Аман Кеңесбаев, Құмжиек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы – Нұрсұлу Караманова, Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – Жарасқан Жалғасбаев болды.
Сондай-ақ, волейболдан өткен тартысты бәсекеде де ауданның волейбол құрамасы жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, командалық есепте ІІ орынды иеленді. Бұл жетістік – мемлекеттік қызметшілердің ауызбіршілігі мен спортқа деген құштарлығының, қажырлы дайындығының жемісі.Алдағы республикалық кезеңде де жерлестеріміз толағай табысқа жетіп, биік белестер мен жаңа жеңістерді бағындыруында сенім мол.
 «ҚАЗАЛЫ» ақпарат
13 маусым 2026 ж. 197 0

Облыстан бұйырған олжа

08 тамыз 2026 ж. 27

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31