Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Фото: depositphotos.com
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"1 қазанда Атырау, Ақтөбе, Өскемен қалаларында, түнде Алматы, Жезқазған, Балқаш қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.
Мамандардың пікірінше, мұндай жағдайлар көбіне жел болмауы, тұман және ауа инверсиясы кезінде туындайды. Соның салдарынан зиян қоспалар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Мұндай күндері тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге, әсіресе, көлік көп қатынайтын жерлерден аулақ болуға кеңес беріледі. Балалар, жүкті әйелдер және созылмалы сырқаты бар адамдар ерекше сақ болғаны жөн.

01 қазан 2026 ж. 148 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031