Қазақстанда теміржол билеттері бағасы төмендеді
Фото: pixabay.com1 қазаннан бастап Қазақстанда жолаушылар пойыздарының билеттеріне 10% жеңілдік енгізілді. Жеңілдік жыл соңына дейін барлық вагон түрлеріне және қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның ұлттық теміржол тасымалдаушысы жолаушыларға жеңілдік ұсынды. 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жолаушылар пойыздарының билеттері 10%-ға арзандатылады.
Жеңілдік ұлттық тасымалдаушының пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға қолданылады.
Яғни күзгі-қысқы кезеңде пойызбен сапарға шығатын жолаушылар билеттерді бұрынғыдан төмен бағамен сатып ала алады.
Жеңілдікпен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы және теміржол вокзалдарындағы билет кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда пойыз билеттерін сатудың жаңа жүйесі енгізілетіні туралы жазған едік. Оған сәйкес, бір купеде тек ер адамдар немесе тек әйелдер отырады.










