Синоптиктер бүгін желдің күшейетінін ескертеді
Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.

Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге көріну мүмкіндігінің төмендеуін ескерген жөн.
Астанада: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.
Алматыда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз ауа температурасы +26…+28°C дейін көтеріледі.
Шымкентте: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде +16…+18°C, күндіз ыстық болып, ауа температурасы +30…+32°C болады.
Қазақстанның оңтүстігінде жаздың жылы лебі әлі сезілсе, солтүстік пен шығыста күздің алғашқы белгілері байқалады.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер сақталады:
16 қыркүйекте Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
16-17 қыркүйекте Жетісу облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Талдықорған қ.: 16-17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 16 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Петропавл қ.: 16 қыркүйекте түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
16 қыркүйекте түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар қ.: 16 қыркүйекте күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 16 қыркүйекте өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
16-17 қыркүйекте Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 16 қыркүйекте жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
16 қыркүйекте күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 16 қыркүйекте күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 16 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Көкшетау қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
16 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.











