«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
Фото: Pixabay
— 16 қыркүйекте Алматы қаласында, түнде Атырау, Өскемен, Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында экологиялық заңнама талаптарын бұзған әкімдер жауапқа тартылды.
Ал Өскемен қаласында ауаға тараған үш зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткені анықталды.
Еске салайық, Ертіс-Баян өңірінде ауаға шығарылатын ластаушы заттардың жартысына жуығы Екібастұз қаласына тиесілі.